Поиск

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы

Жайлы айлақ

Текст: Buro247.kz

Фото: Марина Карпыкова


Buro 24/7 фотографы Марина Карпыкова яхта туризімінің орталығындағы кішкене ғана Геджек қалашығынан мінсіз түрік шипажайын тапты. D-Resort Göcek салтанатты мейманханасы мен аппақ жағажайлары бар тыныш, көркем айлақ. Және ешқандай да all inclusive емес

Геджек – антикалық заманнан бері танылып келе жатқан кемежай. Тау қоршаған айлаққа өздерінің кемесімен ежелгі гректер келген. Бүгінде бұл – желкенді және моторлы яхталары бар алты марин орналасқан яхта туризімінің әйгілі орталығы. Геджектің климаты оңтүстік Грецияны еске түсіреді, шипажайлық маусым сәуірде басталып, қазанда аяқталады. Алайда су мен ауаның күндізгі температурасы +14 градустан сирек төмендейді.

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 1)

Бұл жерде қалжыратып, шаңқай түсте жағажайдан қашуға мәжбүрлейтін ыстық жоқ, самал жел, жұмсақ, шуақты сәуле, жылы құм мен су таңертеңгілік балғын сүт секілді. Мейманханадан жағажайға дейін – жаяу 10 минут, ал жағажайға тасымалдайтын маршруттармен 2-3 минутта жетуге болады. D-Resort Göcek шипажайына аппақ қардай құмды жыл сайын Араб Әмірлігінен алып келеді. Жағажайда жүрек жалғап алуға болады, жағасында тамақтануға арналған қонақтардың талғамына ерекше мән беріп, диеталық мәзір немесе глютенсіз тағамдар ұсынатын италиялық The Breeze мейрамханасы бар. 

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 2)Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 3)

Баурайында айлақ тамаша көрінетін және екі жинақы бақшасы бар жапониялық Q Lounge мейрамханасы орналасқан. Геджек ерекше қорғалатын табиғи аймақ болып саналатындықтан, бұл жерде екі қабаттан жоғары үйлер салуға тыйым салынған. Осының арқасында – көл жағасындағы кішкене ауылда тұрып жатқандай тамаша көріністер мен сезімдер.

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 4)Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 5)

D-Resort Göcek – бұл тыныштық пен көптен аңсаған жалғыздықты моторлардың жұмсақ гүрілі ғана бұзатын жер. Мейманхананың барлық 103 нөмірі бірнеше мансарды бар екі қабатты үйлерде орналасқан. Бөлмелердің кейбіреуі жеке бассейндермен жабдықталған, оларға өзіңіздің жатын бөлмеңізден шыға аласыз. Жарық әрі кең нөмірлер ағашпен және мәрмәрмен заманауи стильде безендірілген. Мейманхананың ұстамды дизайні шипажай аумағында елірген жасылды бақтармен қарама-қарсы үйлесімділік тапқан. 

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 6)

Фитнес-клуб пен спа кең шешінетін бөлмелері, демалатын аумағы, сумен уқалау бассейні, сауна мен хамамы бірінші қабатта орналасқан бөлек ғимаратта.

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 7)

Екінші қабат жаттығу құрылғысы мен йога және пилатес студиясына арналған, ол жерде спа-терапевт командасы бар төрт процедуралық кабинет орналасқан. Ерекше салтанат – көк шөбі шырмап әкететін джакузиі бар терасса. 

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 8)

Демалудан жабыққан соң көлге шығып Геджектің не себепті Түркияның ең жақсы яхта орталығы саналатындығына көз жеткізуіңізге болады. Қонақтардың билігінде – күндізгі круизге арналған 16 метрлік MY Sundowner яхтасы. Ол өзінің жылдамдығын тұрақты және дыбыссыз қалпында 38 узелге дейін жеткізе алады. 

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 9)

Геджекке қайтып орала бергің келеді. Бұл жер Түркиядағы демалыс туралы барлық клишеден арылып, оны мүлдем басқа қырынан тануға көмектеседі. 

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 10)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 11)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 12)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 13)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 14)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 15)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 16)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 17)

Түрік Ривьерасы: D-Resort Göceк жерортатеңіздік шипажайы (фото 18)