Поиск

Күзгі саяхатқа қолайлы 5 тамаша ел

Күзгі саяхатқа қолайлы 5 тамаша ел

Қазанда қайда баруға болады

Текст: Buro247.kz


Жаздың ыстығы басылғанда саяхаттаудың алтын шағы басталады. Buro 24/7 редакциясы қазан айында баруға қолайлы бес үздік мемлекет ұсынады.

БАВАРИЯ, германия 

Күзгі саяхатқа қолайлы 5 тамаша ел (фото 1)

«Күзгі» тізімге міндетті түрде Германия кіреді. Көк төбесі көп, ескі ауылдарымен белгілі, қалың тұман басқан орманды өлке қазан айында тіпті көркейе түседі. Оған себепші – Октоберфест атты әлемдегі ең үлкен халық серуені. Бұл 16-күндік мейрам Баварияның Егін жинау күні болып туындаған. Нағыз дәстүрлі еуропалық жәрменкенің рухын осында сезіну мүмкін. Фестиваль кезінде аттракциондар мен концерттік сахналар жұмыс істейді, мергендер шеруі және костюмды шерулер өтеді, жарыстар мен сыра дегустациялары ұйымдастырылып жатады. 

 

КИОТО, жапония

Күзгі саяхатқа қолайлы 5 тамаша ел (фото 2)

Туристер Жапонияға жылына екі рет келеді. Бірі – сәуірде сакура гүлдеген кезде. Екіншісі – қазан айында танымал момидзи үйеңкілері бүкіл елді алқызыл түске айналдыратын шақта. Оны «койо» деп атайды. Қай күні, қай тал алқызыл түске боялатынын жіберіп алмас үшін, метро бекеттері мен газет сататын дүкендерде арнайы карта табуға болады. Киотоның басты көрікті жерлерінің бірі – Киемидзу-дэра будда ғибадатханасына міндетті түрде барып шығу қажет. Бұл «койо» маусымындағы аса әдемі орындардың бірі болып табылады. Ондағы шыңнан Жапонияның ең әсем күзгі табиғат көріністерін тамашалай аласыз.

 

ТРАНСИЛЬВАНИЯ, РУМЫНИЯ

Күзгі саяхатқа қолайлы 5 тамаша ел (фото 3)

Қазан айында Трансильванияның онсыз да әдемі пейзаждары ерекше көркем бола түседі. Бұл уақытта ескі қамаулардың қираған үйінділері арасында серуендеп, тоғай ішіндегі соқпақпен жүруге ең қолайлы ауа-райы болады, себебі ауасы жылы әрі құрғақ. Негізінде Трансильванияның даңқын әлемге танытқан граф Дракула туралы аңыз болатын. Граф Дракуланың бейнесі XV ғасыр ортасында өмір сүрген румыниялық князь Влад Цепешке негізділген. Хэллоуин мейрамы қарсаңында вампирлер туралы және басқа да аңыз-әңгімелерге қызыққан әлем туристері мен жергілікті тұрғындар осында көптеп жиналады. 

 

СИНЬЦЗЯН ПРОВИНЦИЯсы, Қытай ( КАНАС көлі)

Күзгі саяхатқа қолайлы 5 тамаша ел (фото 4)

Жыл мезгіліне байланысты түсін өзгертіп отыратын Алтайдың қытайлық жағында орналасқан Канас көлі – тағы бір тылсым жер. Сонымен қатар бұл көл түсін ауа температурасына және тәулік уақытына байланысты өзгертіп отырады. Мамыр айында көгілдір болса, қазан айында зүбаржат түске айналады. Көл жағасы бойында Қытайдың ең әсем ескі заманғы тувин ауылдары орналасқан. Жағалаудағы үйлерге келіп қонатын туристер бірегей оқиғалардың жиі куәсі болып жатады, сирек кездесетін құбылыстар байқап тұрады. Жергілікті тұрғындардың аңыздары бойынша көлде бейтаныс құбыжықтар тіршілік етеді.

 

БОСТОН, АМЕРИКА

Күзгі саяхатқа қолайлы 5 тамаша ел (фото 5)

Американдықтар Бостонды күз астанасы деп атайды. Бұл бекерден-бекер емес. Күн әлі ызғарын жоғалтпай жатқанда кірпіштен салынған ғимараттарды ғажап түске бояйды, жапырақтар балдың не таңқурайдың түсіне бөленеді. Бостонға «Барлық қаситеттілер күніне» орай барған жақсы. Хэллоуин – жергілікті халық үшін ерекше мейрам. Дәстүр бойынша қала тұрғындары мерекелік шеруге қатысады: жүздеген адам жалмауыз, сиқыршы, вампир, құбылғыш жын костюмдерін киіп, басқа сиқырлы кейіпкерлер бейнесінде түңгі безендірілген қала көшелеріне шығады. 

Больше