Поиск

Альпинизм мен тауға арналған 10 Instagram аккаунты

Альпинизм мен тауға арналған 10 Instagram аккаунты

Менің жүрегім тауда...

Текст: Buro247.kz


Шың сүйер қауым Instagram-да не жариялайды

Тауға деген құмарлық – өмір бойы қалатын әдет. Тауға бір рет барып көрген адам еш уақытта тоқтай алмайды, деген пікір бар. Таудың қарлы бөктері, мәңгі мұздықтар, тап-таза ауа мен мұзды көлдердің бәрі – нағыз әдетке айналуы оңай, және әр барған сайын одан да жоғары көтерілуге итермелейді.

Алматылықтардың басқаларға қарағанда ісі оңынан болып тұр. Себебі тау қасымызда, барғыңыз келсе, дене дайындығыңыз болса, ай сайын талай шыңды игеруге болады. Сіздерді шабытқа бөлеу үшін Instagram-нан арнайы тау ауасы мен авантюраға толы он аккаунт таңдап алдық. Үлгі аларлық адам бар екен!

 

РЕНАН ОЗТУРК

Ренан – үздік американдық альпинисттердің бірі және жартасқа өрмелеп шығудың шебері. Мұнымен қатар, ол керемет сурет салады, скейт тебеді, роликтер монтаждайды және тамаша фото түсіреді. Мысалы Джаред Летоны түсіргені бар. 

 

ДЖИММИ ЧИН

Джиммині әлемдегі ең экстремалды саяхаттанушы деп оңай-ақ атауға болады. Ол тек қана жаяу ел кезедіндіктен адам қолы жетпеген әсем табиғаттың бар айбындылығын түсіріп көрсете алады. Чиннің суреттерін National Geographic жиі жариялап отырады.

 

 

КЕЛЛИ ЛУНД

Келли экспедицияға өз итімен бірге барады. Қасқыр-ит аралас тұқымнан шыққан Локи атты иті оны талай рет төтенше жағдайларда құтқарған. Лундтың аккаунты өмірдегі ең маңызды нәрсе – саяхат және ұлы достық жайында. 

 

КАЛЕН ТОРИЕН

Сыртқы келбеті әсем сары шашты Кален Ториен кез-келген еркектен мықты. Ол мотор да жөндейді, рафтингпен де шұғылданады, альпинисттік құрал-жабдықтарды елемейд, ал өзі көтерілген қауіпті шыңдары елден кем емес.

 

 

КАЛЛЕМ СНЕЙП

Каллема Снейптің бұрыннан келе жатқан құмарлығы – таулы ландшафттар мен қарлы шыңдар болып келеді. Ол апта сайын дерлік ұзақ экспедицияға шығып тұрады. Мұндай сапарға арналған оның барлық сайманы да бар – палатка, сыйымды рюкзак, тамақ әзірлейтін бақыраш, бар сұлулықты жазып алатын камерасы және бұл сұлулықпен бөлісетін блогы да бар.

 

ТИМ КОЛСОН

Австралиялық Тим Колсон барлық жерге әйелі және екі кішкентай баласымен барады. Тимнің жарқыраған әрі өмірді гүлдендіретін суреттеріне қарап отырып, оның отбасы мұндай өмірге мүлдем қарсы емес екенін түсінесің.

 

СЕДАР РАЙТ

Жыл сайын Седар Райт өзіне жаңа мақсат қояды. Біресе Калифорнияның барлық 4-мыңдығын игеру болса, бірде американдық шөлдегі құм тасты құздарға шығуды көздейді. Онымен бірге зерікпейтінің анық! Өз жетістіктерін альпинист мұқият  Instagram-ға шығарып отырады. 

 

САША ДИДЖУЛИАН

Саша Диджулиан шыңға 7 жасынан шыға бастаған. 22 жасында ол 9а трассасын өткен (ең күрделісі - 9b+) әлемдегі ең жас әйел атанған (олардың саны бар болғаны 3). Оның парақшасы түрлі ессіз суреттерге толы. 

 

КИТ ДЕСЛОРЬЕРС

Кит Деслорьерстің ерлігіне тең ерлікпен кез-келген еркек мақтана алмайды. Ол ақылға сыймайтын, мүмкін-мүмкін емес күрделі тау трассаларын қорықпай, құмарта игере алады.  

 

УИЛЛ ГАДД

Уилл Гадд Канада мен АҚШ-ты бөлетін Ниагара сарқырамасын  мұз бетімен өтіп жаулап алған әлемдегі ең бірінші адам болған. Уилл өзінің ессіз жасалған селфилерін және экстрималдық мұзға шығудың суреттерін өз оқырмандарымен қуана бөліседі. 

Больше