Поиск

Қазақстандық спортшылардың 10 Instagram-аккаунты

Қазақстандық спортшылардың 10 Instagram-аккаунты

Біздің мақтанышымыз

Текст: Buro247.kz


Александр Винокуров, Серік Сапиев, Геннадий Головкин және бұдан өзге жеті спортшымызды бүкіл әлем таниды. Олардың есімдері әлемдік деңгейдегі жарыстарда аталады. Мұндай танымалдылығына қарамастан, әлеуметтік желіде жанкүйерлерімен тілдесуге уақыт табады.

 

ГЕННАДИЙ ГОЛОВКИН

Головкинді тіркелушілер саны жағынан Сәбина Алтынбекова ғана басып озады. Әлем чемпионымен тек батыс спортшылары ғана теңесе алады. Мұнымен қатар, спортшының жаңалықтарымен тек жұмыс күндері ғана бөлісетінін ескеруіміз қажет. Жеке өмірін ешкімге жарияламайды.

 

 

ИЛЬЯ ИЛЬИН

Ал әлемнің ең үздік ауыр атлетшісі Илья Ильин адамдарды үй кеңістігіне кіргізуге қорықпайды. Ол жаттығу жасап жатқан кездегі суреттерімен, отбасы мен қызының, тіпті, спорттық асының суреттерімен молынан бөліcеді. Осының арқасында ең мықты адамның кешкі асқа моцарелла мен жүгері ботқасын жегенді ұнататынын білеміз. Мұны бір жерге түртіп алайық.

 

 

АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ

Александр да отбасын өзгелерден жасырмайды. Кәсіби велошабандоз жоқ дегенде өзінің балаларының (екі егіз ұлы мен қызы) жетістіктерімен бөлісіп, оларды Instagram архивіне сақтап қояды.

 

 

ЯРОСЛАВА ШВЕДОВА

Ярослава Шведова – Твиттерде тіркелушілері көп қазақстандық танымал спортшы. Оның Instagramында да тіркелушілер өте көп. Теннисші ару турнир мен таңертеңгі жүгіру, бассейнде жүзу, марафон кезіндегі суреттерімен тұрақты түрде бөлісіп тұрады.

 

 

СЕРІК САПИЕВ

Қазақстандық әуесқой боксшы тіркелушілерімен өміріндегі жаңалықтарымен күн сайын бөлісіп отырады. Серіктің жеке басына қатысты суреттер өте аз болса да, оларды әйгілі спортшылармен кездескен сәтін түсірген кадрлар алмастырады.  

 

 

ЗАРИНА ДИЯС

22 жастағы теннисші қыз бос уақытын қалай тиімді өткізу керектігін біледі. Сондықтан оның аккаунты әдеттегі спорттық парақшаға ұқсамайды. Оның Instgramында теннис алаңында түскен суреттерден өзге танымал тұлғалардың бейресми отырыстарда түскен суреттері, түсірілім алаңындағы бэкстейдж, гүлдер, балалар мен өзінің суреті тұрған танымал журналдардың мұқабасының суреті бар.

 

 

ДЕНИС ТЕН

Өткен жылы қысқы Олимпиада ойындарында қола жүлдені иеленген спортшының екі парақшасы бар. Біріншісі – кәсіби. Ол жерге Денис пресс-конференция, ресми кездесулер мен дайындық кезіндегі суреттерін салады. Екіншісі жеке өзінікі. Әйгілі мәнерлеп сырғанаушы бұл парақшасына өзінің суреттерін салады.

 

 

САБИНА АЛТЫНБЕКОВА

Тайбэйде қыздар арасында өткен Азия чемпионатынан кейін волейболшының тіркелушілері небәрі екі тәуліктің ішінде жүзден бірнеше мыңға дейін жеткен. Алтынбекованы ерекше келбеті үшін әлемдегі сұлу спортшылардың қатарына жатқызады, ал тіркелушілері күн санап емес, (қазір 511 мыңға жетіп үлгерген) сағат санап өсіп келеді. Біз де оның қатарында бармыз.


 

СВЕТЛАНА ПОДОБЕДОВА

Әлем мен Еуропаның екі мәрте, Қазақстан мен Азияның, Азия ойындарының чемпионы Светлана Подобедованың архивіндегі басты тақырып – спорт. Алайда бойжеткендер жақсы көретін мысық пен қызыл далапқа да орын бар.

 

 

МАЙЯ МАНЕЗА

Манеза да біздің тізіміміздегі намысқой ата-ана. Қазақстандық ауыр атлетшінің Instagramы тура екіге бөлінген: отбасы (спортшы қазақстандық ауыр атлетші Вячеслав Ершовқа тұрмысқа шыққан) мен спорт. Майяның мұның екеуін де қатар алып жүре білгендігін тілге тиек етпеске болмайды.

 


Больше