Поиск

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер

Vista, Olivier, Urban Coffee, My Cafe және Cafe Central

Текст: Buro247.kz

Фото: Марина Карпыкова


Buro 24/7 редакторлары Катя Милославская мен Марина Карпыкова бірнеше күн қатарынан таң атар атпастан оянып, сізге арнайы мінсіз таңғы ас іздеді. Тапты. Алматылық бес мейрамхана мен дәмханадан. Тәулік бойы жұмыс істейтін Olivier мейрамханасынан Vista шведтік үстеліне дейін

 

Vista

Берекелі шведтік үстел – кезекті демалыс пен іссапар бонустарының бірі. Мейманханадағы таңғы ас – сапарды күттірмейтін тым жағымды ләззат. Оның үстіне The Ritz-Carlton, Almaty кешенінің 30-шы қабатында орналасқан VISTA мейрамханасында таңертең тамаққа толы сәулетті көрініс күтіп тұрады. Бұл жерде 6:30-дан бастап, 10:30-ға дейін классикалық таңғы астың барлық түрін – уыздықтар, омлеттер, кокоттар, скрэмблдер, шұжықшалар, сүрсүбенің үш түрі, ботқалар, тұздалған үй тағамдары, маусымдық жаңа піскен жемістер, жергілікті өнеркәсіптің сүтті тағамдары, ірімшіктер, шұжықтар, өздері пісірген нан, балық, қазы, жая және көптеген басқа тағам ұсынады.

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 1)

Тамақ талғағыштарға қызыл, қара (өкінішке орай, теңіздің арғы жағынан әкелінбеген) уылдырық пен ара ұясындағы бал ұсынады, ал демалыс күндері дәстүрлі бранчтарда просекко құяды.

Бір адамға арналған таңғы астың құны 11 300 теңге. Таудың тамаша көрінісінің куәсі болып отырып тамақтануға болады.

Мекенжайы: Әл-Фараби даңғылы, 77/7

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 2)

 

Olivier

Olivier таңғы астарын тәулік бойы ұсынады – нормаланбаған кестесі барларға таптырмас таңдау болмақ. Әкімшіліктегілер таңғы сағат төртте джем қосылған сырник пен бельгиялық вафли әзір болатынына сендіреді. Мәзірге жақсы таңғы астарды кірістірген, алайда таңдаулылары аз: омлеттер, қуырылған жұмыртқалар, сырниктер, сэндвичтер, скрэмблдер, йогурттер, пудингтер, ботқалар. Бағалары үйеңкі шәрбаты қосылған вафлиге төленетін 980 теңгеден бастап, ростбиф пен арқан балық қосылған сэндвичке төленетін 1480 теңгеге дейін барады. Бұл жерде құлпынай мен жаңа піскен жидектен әзірленген тосап қосылған үлпілдек бельгиялық вафлилер кеңінен танымал. Olivier мейрамханасының тәулік бойы жұмыс істегеніне қарамастан, бәрінен де таңғы ас ішкен ұнамды – мейрамхананың аппақ қардай интерьері көбінесе Фурманов көшесінің бойымен суаратын көліктер өтіп, қала енді ұйқысынан оянғанда, таңғы сағат 6–7 шамасында көзтартарлық көрініске енеді. Таңертеңмен үйден шығуға ерінетін жандарға таңғы асты (және өзгелерін де) үйлеріне әкеліп береді..

Мекенжайы: Құрманғазы көшесі, 43

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 3)

 

Urban Coffee

Urban Coffee кофеханасы Сатпаев көшесі бойында стратегиялық сәтті жерде орналасқан. Рестораторлар көше кеңдігінің арқасында ағаштардың көлеңкесінің астына жаздық терасса жасап қойған – отырыстарға арналған таптырмас орын. Бірақ іші бұдан да жайлы – интерьері сәтті ойластырылып, бірнеше зонаға бөлінген: компанияларға арналған жеке бұрыштар, бар зонасындағы кеңістік, ортақ зал. 

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 4)

Алайда Urban Coffee таңғы асына жұмыртқа мен ботқадан басқа тағамдарға дайындар баруы тиіс, бұл жерде классикалық омлеттермен бірге сеттер ұсынады. Шұжық қосылған Алматылық таңғы ас, италиялық паста, үйрек пен пашот жұмыртқа, арқан балық пен салаттан құралған скандинавиялық таңғы ас, карри қосылған үндістандық таңғы ас, асшаян, тандурлер мен саңырауқұлақтар, асшаяннан әзірленген тайлық таңғы астар, балапан, жержаңғақ пен күріш кеспе және ең ерекшесі – қара нан, пашот жұмыртқа, қарақұмық және бұқтырылған сиыр етінен құралған турист таңғы асы. Күні бойы ұсынылатын таңғы астың құны 1600 теңгеден басталып, 2300 теңгеге дейін барады. 

Мекенжайы: Сәтбаев көшесі, 4а

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 5)

 

My Cafe

My Café мейрамханасы тиімді жерде тұр – ғимарат Фурманов пен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы “алтын төртбұрышта” орналасқан. Терезеден саябақ пен Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры көрінеді. Бұл жерге талғаммен, белгілі бір ырғақпен асықпай келу керек.

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 6)

Классикалық мәзір – скрэмблдер, бейглдер, салаттар, ботқалар болса да, әрбір ас ерекше ұсынылады. Бейгл болса – теңіз құрты бояуымен, мюсли болса – арнайы стақанда. Мұнымен қатар, мәзірден KZ белгісі бар көптеген позицияны көруге болады. Бұл барлық тағамның жергілікті өнімдерден әзірленгенін білдіреді. Бағалары органикалық йогуртке төленетін 540 теңгеден басталып, пашот жұмыртқасы мен арқан балық қосылған қара бейглге төленетін 1600 теңгеге дейін барады. 

Мекенжайы: Фурманов көшесі, 128

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 7)

 

Café Central

Café Café Central қаланың халықаралық кеңселері мен ірі фирмалары орналасқан іскерлік бөлігінде орын тепкен, сондықтан бұдан артық кеңсе маңайындағы таңғы ас пен түскі асқа арналған жер табу мүмкін емес. Екінші қабаты үлкен әрі жарық, ал бірінші қабатында жайлы кофехана бар. 

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 8)

Бұл жердегі мәзір ауқымды, оларды ыңғайлы сеттермен ұсынады. Алайда гавайлық таңғы астағы асшаян мен жапондық мәзірдегі саңырауқұлақ сорпасын ішкіңіз келсе, сізге арнайы сет ұсынады. Президенттік таңғы асты таңдасаңыз, күніңіз әдеттегісінен сәтті басталмақ – оның құрамына көбіктілер кіреді. Дене бітіміне ерекше мән беретін жандардың фитнес-сетке назар аударғаны жөн – сүтті мюсли, картоп пен жалбыздан, қызылша мен сәбізден, алмұрттан әзірленген дранниктер, дәнді тоқаштар, салат пен маусымдық жемістер. Дәмді әрі пайдалы. Тәулік бойы ұсынатын тағамдардың бағасы – 2399 теңгеден бастап, 6999 теңгеге дейін барады. 

Мекенжайы: Самал-2 ықшам ауданы, 111

Кім ерте тұрса: Алматыдағы мінсіз таңғы ас ішуге арналған 5 жер (фото 9)