Поиск

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар

"АндерСон" отбасылық дәмханасы

Текст: Buro247.kz

Фото: Марина Карпыкова


Көпшілік "Андерсонның" – балаларға арналған ойын алаңы, үйеңкі шәрбатындағы белгиялық вафлиі, ерекше торты, бүлдіршіндерге арналған аспаздық мектебі бар кондитерлік дәмхана екенін жақсы біледі. Бірақ бұл жерде үлкендерге де дәл сондай қамқорлық танытады. Біз мұнда су-шеф Сергей Дороховтың жаңа хоспер-мәзірінен әзірленген медальондардың рецептісін білу үшін кірдік.

Бұл — Қазақстандағы ресейлік франчайзингпен ашылған бірінші "АндерСон". Тағы бірнеше дәмхана ашу жоспарда, бірақ әзірге бұл жерде барлығына орын бар: екі қабатты дәмхана жүз шаршы метр жерді алып жатыр, ал жазғы алаңы – Алматыдағы ең үлкендерінің бірі. Бұл отбасыңмен бірге келуге арналған тамаша жер – мұнда дәмді тағамдар, ойыншықтар көп және кез келген талғамға сай кітаптар, ойынға арналған жер, ыңғайлы дивандар мен креслолар бар. Бір сөзбен айтқанда, ата-ана тыныштығы мен балалардың бақытына арналған нәрсенің бәрі бар. Мәскеудегі "АндерСон" отбасылық кондитерлік дәмхана – бұл барлық кондитерлік өнімдер әзірленетін 11 мейрамхана мен "Бақыттың" жеке фабрикасы. Біздің қаламыз мұндай деңгейге жету үшін, әрине, өсуі керек, алайда иелерінің менмендігі басым.

 

ЙОГУРТТЫ ТҰЗДЫҚ ҚОСЫЛҒАН ЖЫЛҚЫ ЕТІНЕН

ӘЗІРЛЕНГЕН МЕДАЛЬОНДАР

 

1 АДАМНЫҢ ҮЛЕСІ

ИНГРЕДИЕНТТЕР

Жылқы етінен әзірленген медальон – 2 дана

Өсімдік майы – дәмін шығару үшін

Розмарин – 1 г

Балғын чили бұрышы – 2 г

Сарымсақ гриль – 40 г

Йогуртты тұздық – 30 г

 

ЙОГУРТТЫ ТҰЗДЫҚ

Йогурт – 100 г

Тазаланған қызыл пияз – 16 г

Лайм қабығының үгіндісі + шырыны – қалауымызша

Кинза – қалауымызша

Аскөк – 2 г

Қант ұнтағы – 1 г

Тұз – 1 г

Жаңа піскен қияр – 30 г

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 1)

 

МЕДАЛЬОНДАР ҮШІН

Өсімдік майы – қалауымызша

Жылқы еті – 200 г

Теңіз тұзы – 2г

Грильге арналған дәмдеуіштер қоспасы

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 2)

 

ӘЗІРЛЕНУІ

1-ҚАДАМ. МЕДАЛЬОНДАРДЫ ӘЗІРЛЕЙМІЗ

Жылқы етін медальондарға арнап талшығына көлденең етіп кесеміз, қалыңдығы  – 3-4 см, әрқайсысы  – 100 г. Тұздаймыз, грильге арналған дәмдеуіштер қоспасымен тұздықтаймыз, өсімдік майын қосып, жақсылап араластырамыз.

 

2-ҚАДАМ. ЙОГУРТТЫ ТҰЗДЫҚ ӘЗІРЛЕЙМІЗ

Қиярды 3х3 мм шаршы қылып турап, шыныаяққа саламыз. Майдалап туралған қызыл пияз, аскөк, кинза жапырағын қосамыз. Араластырамыз. Кейін жаңа сығылған лайм шырынын, тұз, қант қосып, ингредиенттер біркелкі болғанша жақсылап араластырамыз.

 

3-ҚАДАМ. ДАСТАРХАН ЖАСАУ

Жылқы етінен әзірленген медальондарды (2 дана) қаңылтыр табаға саламыз, біркелкі етіп өсімдік майымен майлаймыз, дайын болғанша хосперде қуырамыз. Қуырылған медальондарды қағаз майлыққа саламыз, майын құрғатамыз және бірінің үстіне бірін қойып, тәрелкеге саламыз. Жанына йогуртты тұздық салынған тұздық сауыт қоямыз. Грильді сарымсақпен, розмарин және чили бұрышымен безендіреміз.

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 3)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 4)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 5)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 6)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 7)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 8)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 9)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 10)

Апта мәзірі: йогуртты тұздық қосылған жылқы етінен әзірленген медальондар (фото 11)