
Buro 24/7 қаһармандары өздерінің Жаңа жылғы үміттері туралы
2016 жылдың… болғанын қалаймын
Майя Акишева
"Әлемде бейбітшілік болсын" деген сөздер құлаққа түрпідей тисе де, бірінші рет маған өзгеше естілді. Мен 2016 жылдың тыныш өткенін қалаймын. Мен және өзге адамдар айналасындағылардан кемшілік іздей бермей, өздерінің жан-дүниесіне терең үңілсе, соғыстың емес, шынайы махаббаттың жақтаушысы болса екен деймін. Болғанынан боладысын қызық көріп, одан ләззат алып, жақсы кітаптар оқысақ, планетамызды ластамай, сүйіктілерімізбен сүйіссек және әр күн сайын тұла бойымыздан шығармашылық адамын іздесек. Әумин.
Арсен Рысдаулетов
2016 жылдың менің елімде және әлемде позитивті өзгерістерге толы болғанын қалаймын. Бұл саналы жыл болсын. Жауапкершіліксіз атқарылған істердің саны азайып, конструктивизм көбірек болсын. Қоғамымыз фантомдық дұшпандарымен күресті тоқтатып, алға мәдени әрі технологиялық серпіліс жасайық..
Ержан Рашев
2016 жылдың бейбіт өткенін қалаймын. Оқ, кісі өлімі мен жерлеу рәсімі дегендер аз болсын. Осы жазда түнгі сағат екілер шамасында "Алма-Ата" қонақ үйінің жанынан өтіп бара жатқанымда, көшеде музыка ойнап, адамдар би билеп жатқанын көзім шалды. 2016 жылдың даңғылдың бойында түнгі сағат екіде шығып би билеуге болатындай әсер қалдырғанын қалаймын.
Карим Кадырбаев
Мен 2016 жылдың тек жақсы жаңалыққа толы болғанын қалаймын. Сөздің шыны керек, өткен жыл көбіміз үшін қиындыққа толы болды (бұл жұмсартып айтқандағымыз). Дәл қазір бәрінен де тұрақтылық пен дәлдік жетіспейді. Немесе жәй ғана таңертең тұра салысымен доллар бағамын тексеру әдетінен арылсақ екен деймін. Бұдан өзге 2016 жыл әдемі әйелдер мен ақылды ерлердің, бақытты балалардың, дауыстап ойнаған әуеннің, тәтті тағамның, таза ауаның, әлемдік саяхаттың, орындалған армандардың және құштарлыққа толы сүйістің жылы болсын. Және фуагра мен бананды күнделікті мәзірімізге қайтарыңыздар. Әйтпесе, біз сіздерге ашық ауыз біреуміз бе?
Настя Гончарова
2016 жыл "Кез келген түсініксіз жағдайда бірінші болып жақсылық жаса" деген ұранмен өткенін қалаймын. Бәрінен де алтын жүректі адамдар тартымды көрінеді. Жаңа жылдарыңызбен!
Чингиз Капин
Мен 2016 жылдың таңғажайыптар мен шуақты күндерге толы болғанын қалаймын! Өз бақытын аңсап жүрген жандар бір-бірімен қауышсын. Іздеп жүрген жан - іздегенін тапсын! Сені жақсы көремін, мұны өзің де білесің! Келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен!
Мадина Аманова
Мен 2016 жылдың тіл табысуға қолайлы болғанын қалаймын. Сол кезде мен онымен міндетті түрде тіл табысамын. Мысалы, міне. Сәлем, 2016, дос болайық! Мен саған адал боламын деп сөз беремін, пайдасыз дүниелерге бола сенің күндеріңді босқа шығындамаймын. Спортты тастамаймын, мақалалар жазбай қоймаймын, кең тыныс алуды ұмытпаймын деп ант етемін. Барлығы тамаша әрі табысты болады, әлі-ақ көресің. Ал сен, 2016, өтініш, өзіңді тек жақсы жағыңнан таныт. Қызықты, жанжалсыз, уақыт өте келе барлық қарым-қатынаста жағымды бол. Сөздің емес, істің жылы болуға тырыс. Сол кезде біз екеуіміз міндетті түрде жақсы бірнәрсе жасайтын боламыз.
Анастасия Тарасова
2016 жыл барлығымыз үшін оны жайлы әрі бейбіт өткізудің тағы бір мүмкіндігі болсын. Біздің әрқайсымыз біреудің быт-шытын шығарып, оны жоқ қылып жіберу сезімін жеңе білсек – тіпті, айтар сөзде емес, әлеуметтік желідегі лентада. Бір-бірін қорғап, үлкен махаббатпен - жақсы сәттерге, адамдарға, өздерінің армандарына ұмтылсын.
Валерия Ибраева
Иә, Жаңа жыл – бұл күтудің мерекесі. Жасым ұлғайса да, таңғажайыпқа толы, ертегідегідей оқиғалар мен өзгерістерді күтемін. Мұнымен қатар, мен аспаннан ешнәрсенің жайдан жай түспейтінін жақсы білемін. Өзіне көп еңбек пен сана, шеберлік пен тапқырлықты сіңірген барлық ертегінің белгілі бір авторы бар. Менің айналамда мұндай ертекшілердің көбірек болғанын қалаймын.
Арт-директорлар: Анита Акишева, Куат Абешев
Фотограф: Марина Карпыкова
Суретке түсу орны: Виктора Магдеев студиясы