Поиск

Тенденция: Испаниялық сарындар

Тенденция: Испаниялық сарындар

Әзілсіз құштарлық

Текст: Анара Кукиева Мария Попова


Қызыл-қара түстік гамма, сезімтал шілтері, ашық иық, шаш пен киімдегі қалампырлар мен раушандар, желбіршек пен қосетектің молдығы – дайындалыңыздар, келесі маусымда біз эмодзидағы фламенко бишісін еске түсіретін боламыз.

Келер жылдың жазында басты географиялық бағыттың Испания болатындығы Нью-Йорктегі сән апталығынан кейін белгілі болды. Стилистикалық және эмоциялық реңкті Proenza Schoule, Altuzarra, Oscar de la Renta, Delpozo берді. Әрбір сәнгердің өзінің топтамасын осы оңтүстік әрі күнгей елге арнауының өзіндік себептері болды: Delpozo-лық Хосеп Фонт Федерико Гарсия Лорканың шығармашылығынан шабыт алады, Oscar de la Renta сәнгері Питер Коппинг көйлектерді алқызыл қалампырлармен безендіру арқылы марқұм сәнгердің Испанияға махаббатын еске түсірді. Сәнгерлік дуэт Proenza Schouler өздерінің топтамасын ашық түрде испаниялық екенін мойындаудан бас тартса да, образдары басқаша сайрап тұр. Тенденцияны ішінара Michael Kors  пен Diane von Furstenberg қолдады. Алғашқысының топтамасында белі қара былғары белдіктермен қатты буылған, гүлді бастырмалар мен принттермен безендірілген, алқызыл бүрмелі көйлектер көп, ал екіншісінікі – шашқа қыстырылған гүл мен алқызыл шифоннан тігілген көйлектерден, топтардан құралған.

Егер Испания америкалық сәнгерлерде оған жиі ілесетін барлық сарынмен құдды театрлық және драмалық болып көрсетілсе: фламенко бишілерінікіндей сәнді желбіршектермен, қара-қызыл түсті гаммамен, көйлектегі сезімтал жырықтармен, кең ойықпен, гүлдермен, шілтермен, ал италиялық брендтерде – Roberto Cavalli, Francesco Scognamiglio – сексуалдық пен сезімталдық абсолюттік деңгейге жеткен. Сәнгерлерге Balmain топтамасындағыдай жалындаған қара-қызыл өрнектер мен тореадорлардың қатқыл жакеті қажет емес, мысалы, оларды бар болғаны қысқа, көлемді былғары күртелер алмастырады. Оларға оңтүстік мінезді көрсету үшін қысқа көйлектер мен топтардағы көлемді желбіршектер мен тар былғары шалбар және түссіз матаның ондаған метрі жеткілікті, екі жағдайда да сексуалды көрінеді. 

Испания жаңа маусымда жаңаша көрінеді деп айтуға болмайды. Мүмкін ол бұрынғыдай бірбеткей шығар (сәлем, желбіршектер), бірақ ол барынша әділ, жас әрі жалықтырмайды. Драмалық қажет болса – сізге қысқартылған кең балақ шалбар, ашық иық пен жеңі ұзын қысқа топтары, көйлегі бар Proenza Schouler топтамасына зер салған дұрыс. Сексуалды болғыңыз келсе – Balmain мен Francesco Scognamiglio, Givenchy топтамаларына назар аударған жөн, романтика мен махаббат – Oscar de la Renta, Michael Kors және Gucci топтамаларында бар. Жаңа маусымда Испанияда бір ғана нәрсе жоқ, ол – католиктік қатқылдық. Тек оңтүстік құштарлық, романтика және махаббат. Және осы махаббаттың жемісін қолданбау – күнә.  

Қазірдің өзінде интернет дүкендерден мына үлгілерді сатып алуға болады:

Больше