Поиск

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі

Мини белдемшемен, кроп-топпен, алжапқышпен

Текст: Buro247.kz


Көйлек-жейде – hot trend лаврлеріне таласпайтын, көп тиражбен таралған, қарапайым зат, алайда биыл жазда өзгесіндегідей өте өзекті болмақ. Сәнгерлер көктем-жаз топтамаларында көйлек-жейдеге жаңа көзқараспен қарап, жалықтыратын киім элементін сәнді етуді ұсынады.

 

МИНИ БЕЛДЕМШЕМЕН

Майкл Корс көйлек-жейделердің етегін бірнеше маусым бұрын белдемшенің ішіне салған болатын, алайда ол кезде гүлді бастырмалы түссіз миди белдемшелер жүрген. Бұл маусымда стильдендіру қысқа белдемшелердің арқасында қызықтырақ көрінбек: А-мүсінді, қаусырмалы, ассиметриялық ұзындықтағы – біздің жағдайымыздағыдай. Көйлек пен белдемшенің ұзындығы бір болуы мүмкін, қысқа немесе ұзынырақ. 

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі (фото 1)

 

КЕҢ БАЛАҚ ШАЛБАРМЕН ЖӘНЕ КРОП-ТОППЕН

Көйлек-жейде көп қабаттылықпен эксперимент жасауға әбден сай келетін киім. Оған кең балақ шалбар, кроп-топ және сланцы серік болады. Шалбардың, расымен, кең түрін, кроп-топтың иықбаусызын, ал көйлектің – қынамаланғанын таңдау маңызды. Образ барынша жеңіл көріну үшін көйлектің соңғы түймелерін ағытып қою керек. 

 

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі (фото 2)

 

АЛЖАПҚЫШПЕН

Көйлек-жейде мен жаз маусымында сәнде болған алжапқыштардың көмегімен қарама-қарсылықта ойнауға болады. Бұл үшін жеңі қысқа жеңіл көйлек пен арқасы ашық және винил терілі қара қошқыл алжапқышты таңдаймыз. Бұл киімдермен өкшелі аяқ киімдер жақсы жарасады.

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі (фото 3)

 

ҚЫСҚА КЛЕШ ДЖИНСЫЛАРМЕН 

Көйлектің басқа түрі – Stella McCartney көрсетіліміндегідей – дене пішінін айқындап тұратын және ассиметриялы етекті трикотаж. Және бұл секілді көйлекпен эксперимент жасауға болады. Қарапайым образға осы маусымда сәнде болған қысқартылған клеш джинсылар сай келеді. Пішімі мен көйлектің ұзындығының арқасында, тіпті джинсылармен үйлескеннің өзінде мүсін сырт көзге созылыңқы көрінетін болады. 

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі (фото 4)

 

ҚЫСҚА ШОРТЫМЕН 

Шортыларға қойылатын басты талап – қысқалық. Олар көйлектің астында “жоғалмас” үшін, қаусырмалы немесе екі шеті ойылған және түймеленген көйлек таңдаған дұрыс, шамамен оны жамбас деңгейіне дейін ағытып. Аяқтың ұзындығы мен сұлулығын биік өкшелі мюли мен жеңіл аяқ киім айқындай түседі. 

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі (фото 5)

 

СУ КИІМІМЕН 

Вика Газинская мұндай көйлекті Париждегі жоғары сән апталығында кең балақ джинсымен және көлемді күртемен кисе де, бұл сөзсіз шипажайлық нұсқа. Оны кезекті демалысқа жағажайлы туникалардың орнына ала отырып аяқ киім туралы да ойлану керек. Ол жарқын сандалдар болсын. Кештер мен түнгі қыдыруларға арналған – нағыз таптырмас дүние. 

Көйлек-жейдені жалықпай киюдің 6 тәсілі (фото 6)