Поиск

Hey, Fall: Жаңа маусымның таңдаулы 25 тенденциясы

Hey, Fall: Жаңа маусымның таңдаулы 25 тенденциясы

А-дан Я-ға дейін

Текст: Buro247.kz


Біз бохо-шик пен 80-жылдардағы сән, люрекс пен құрақ құрау әдісімен тігілген костюмдер, викториандық нымшалар мен готика, бушлат пен құрамдастырым көйлек, жиһаз принт пен аң терісінен тігілген мойынорағыш сынды күз бен қыс маусымдарының таңдаулы тенденцияларына жалпы шолу жасап, оларды әліпби реті бойынша А-дан Я-ға дейін орналастырдық.

БОГЕМА

Сәннің уақыт өте келе өзгеріп отыратынын жақсы білеміз, десе де оларға бір маусымнан кейін "жоқ!" деп айтуға қиналамыз. Бұл – сәнгерлер мен қыздардың талғамынан шығатын  бохо-шик немесе "цыгандық" стиль. Жоқ, бұл жерде дәйексөздеріміз орынсыз, күрделі принті бар көйлек, аң терісінен тігілген көкірекше, кең, шұбар костюм, барқыт шалбар мен нымшаның өзі жеткілікті. Ұзын етіктер туралы да ұмытпаған жөн. 

 

БЕЛІ ҰЗЫН ШАЛБАРЛАР

Өткен маусымда подиумға белі ұзын киімдер кең балақты шалбарлармен қатар келді. Күзгі көрсетілімдерді ескерсек, кең балақты шалбарлар әйгілі тенденциялардың топ-парағында қалады. Ал шалбарлардың үлгісі өзгерген. Қазіргі таңда галифе шалбарлар мен скинни сәнде. Белі ұзын шалбарлардың ерекшелігі – сырт көзге мүсінімізді ұзын етіп көрсетуінде. Жаңа маусымда осы шалбарларға қатысты жалғыз ережені ескеруіміз қажет: нымша мен жейдені, жемпірді шалбардың ішіне саламыз, қажет болса, белдік тағуымызға болады.

 

ШАЛБАРЛЫ КОСТЮМ

Дене пішініңізге сай "екілігіңізді" табу қиынға соғуы мүмкін. Өйткені матасы мен түсінің жарасымдылығын, денеңізге барынша қонымды болуын ескеруіңіз қажет. Жаңа маусымда қысқа жакеті мен аспалы бауы бар костюмдерге, жұмсақ матадан тігілген, кардигандарды еске түсіретін етегі ұзын жакеттерге, беліне бау өткізілген, ерлер стиліндегі классикалық шалбары бар, екі жағына бірдей қаусырмалы кюлоты бар жакетке, мұнымен қатар, галифе шалбары бар смокингтерге назар аударған жөн.

 

ВИКТОРИАНДЫҚ НЫМШАЛАР

Жаңа маусымның барлық романтикасы мен нәзіктігі викториандық және эдвардиандық стильдердегі нымшада көрініс тапқан. Өзіңізге лайығын таңдағыңыз келсе, қателесуге мүмкіндік бермейтін детальдарға назар аударыңыз: тік жаға, әдемі шілтерлі безек, үлпілдек жең, желбіреуік пен қосетек, басымдылық ақ түсте. Ал олармен барқыттан тігілген сарафан, ұзындығы тізеге дейін жететін су перісі белдемшесі, қарындаш белдемше мен галифе шалбарлар жақсы үйлеседі.

 

ЖАҒАЛЫ ЖЕМПІР НЕМЕСЕ ТОП + КӨЙЛЕК

Бұл күзде біз жағалы жемпірлерсіз өмір сүре алмаймыз. Тіпті, қарапайым топтың өзі жанына қатты мінезді заттар қоссақ, қызық әрі жарқын болып көріне бастайды. Күзгі маусымда бұл зат жіңішке және жалпақ аспа бауы, V-пішінді немесе айқын тіктөртбұрыш ойығы бар, принті немесе декорацияланған металл түймесі бар әдеттегі сұр көйлек болады.

 

 

СЕКСЕНІНШІ

80-жылдардағы сәнді «шектен шығу» деген сөздермен сипаттауға болады. Жаңа маусымда иығы үлкен (бұрын оларды иықастылар алмастыратын) топтар, люрексті, лакты, винильді жылтырлар, түрлі-түсті немесе ірі тор колготкалар, ерекше ұзындықтағы мини белдемшелер, түрлі-түсті велюр шалбар киіп жүрсеңіз, еш ағаттығы жоқ, мұнымен қатар, логомания мен ірі аксессуарлармен әуестенуге болады. Шабытты Мадоннаның бейнебаяндарынан, "Династия" телехикаясынан, Джейн Фонданың аэробика сабақтарынан және анамыздың жастық шағындағы суреттерінен іздеген жөн.

 

ГЛИТТЕР

80-жылдардағы сәнді киімдерді ақымақтар киеді, ал Мадоннаның образы мен қойылмалы иықты талғамның жоқтығы деп білетін, бірақ көпшіліктің көзайымына айналуды жөн көретін жандардың глиттерге назар аударғаны жөн. Жаңа маусым топтамаларындағы көйлектер мен бүрмеленген белдемшелер, кең шалбарлар мен былғары пальтолар металл секілді жалт-жұлт еткен жылтырлармен көмкерілген.

 

ГОТИКА

Ең көмескі тенденция. Жаңа маусымда готиканың екі бағыты ұсынылады. Біріншісі - қысқа белдемше, көп металлмен зерленген көйлек және табаны қалың бәтіңке, бастан-аяқ былғары киім киген панктардың ізбасарлары. Екіншісі – әдебиет пен киноматографтармен нәрленген гот-романтиктер. Күзгі топтамаларда олардың готикасы шілтерлі, барқыт көйлектерде, көмескі және терең түстер мен корсетте көрініс тапты.

 

ГРАФИКА

Графикалық принттің күрделі екені рас, алайда ол күздің бұлтты ауа райында көңіл-күйді көтереді. Жаңа маусымда жолақтарды көптеген топтамадан байқауға болады: Марк Джейкобста олар ромб секілді қиғаш, ал Том Фордта кереғар сызықтар толқынға ұқсайды, Emilio Pucci оларға ғаламшарларға ұқсас шеңбер қосқан. Ең ерекше графикалық принт Peter Pilotto топтамасына тән – киімде олар әйгілі Nokia "жыланды", тіпті пинболды қайталайтын түрлі-түсті лабиринтті, баспалдақты құрайды.

 

ЕКІ ЖАҚ ҚАУСЫРМАЛЫ ПАЛЬТО

Пальто – күзде ең көп сатып алынатын зат. Еліміздің ауа райының қолайлығының арқасында оны қыста да кие аламыз. Күздің басында гардеробтарда әскери немесе ретро-милитари стилінің арқасында пайда болған, екі жақ қаусырмалы пальто таңдаған жөн. Күзгі топтамалардың ішінен жалпақ лацкандары бар классикалық және металл түймелері, қысқа сырыма, піллә пальто және А-мүсінді, жүннен тігілген классикалық, мұнымен қатар, аң терісінен тігілген түрлерін кездестіреміз.

 

ҰЗЫН СВИТЕР

Свитердің барынша ұзын болғаны жақсы. Ол ірі жіппен тоқылған немесе шашақпен толықтырылған, күдері кірістірмелері бар, табиғи аң терісінен, принтпен немесе мателл детальдарымен болғаны жөн. Ұзын свитерді жеңіл шифон немесе жібек көйлекпен, қарындаш белдемшемен, кюлоттармен және кең шалбардың қысқасымен үйлестіруге болады.

 

ҮРЛЕНГЕН ЗАТТАР

90-жылдарды ауызға алсақ, мамықтан жасалған сырт киімдерді барлығы қалаған жеріне киіп баратындығы еске түседі. Бақытымызға орай, үрленген күртелердің қазіргі пішіні сүйкімдірек көрінеді, ал сырылған матадан белдемшелер, кербез футляр көйлектер, тіпті, свитер тігеді.

 

ШАҚПАҚ

Жаңа маусымда жаңа түстер қалай көп болса, шақпақ та дәл солай көп болады. Дәстүрлі шотландка мен твид шақпаққа және «қаз табанына» қарағанда, шақпақ пен жолақтың, тартан мен үрленген матадан тігілген шақпақтың, графикалық пен шахматтықтың үйлесуі және әртүрлі шақпақтың бір жинақта үйлесуі батыл және жаңашыл болып көрінеді.

 

ЖИҺАЗ ЖӘНЕ КІЛЕМ ПРИНТІ

Жиһаз бен интерьер принті туралы сөз қозғаған кезде, гүлді өрнекті ерекше атап өтуге болады. Ал кілем принті туралы сөз қозғаған кезде, геометриялық және майда графикаларға да дәл сондай баға береміз. Күзгі маусымда көп сәнгердің киімі ескі жиһаздың қаптамасын еске түсіреді, ол терең және қанық реңктермен орындалып, ережеге сәйкес, жаккардтан тігілген және ең қарапайым деген заттың өзіне сән кіргізетін ала-құла гүлді принтпен безендірілген. Met Gala кешіне Givenchy көйлегін киіп, Ким Кардашьянның егізі болғыңыз келмесе, бастан-аяқ мұндай принті бар көйлек кимегеніңіз жөн. Бір зат жеткілікті.

 

АҢ ТЕРІСІНЕН ЖАСАЛҒАН ДЕТАЛЬДАР

Аң терісі – қыстың басты материалы. Егер температураның нөлден төмен болғанын күте алмасаңыз, аң терісінен жасалған детальдары бар киімдерді таңдаңыз. Бұл маусымның жаңа бағыты – аң терісінен жасалған жеңі, қалтасы, жең бүкпесі бар пальто, көйлек, былғары күрте, кардиган.

 

ҰЗЫН ПАЛЬТО

Күздің ортасына қарай, шуақты күндерге қарағанда, бұлтты күндер көбейген кезде, жоғарыда жазып өткен орташа ұзындықтағы екі жағына бірдей қаусырмалы пальтоларды ұзын пальтомен алмастыруға болады. Образ еркек тәріздес болса да, сексуалды. Жаңа маусымда халат пальтолар сәнді болып көрінеді, ал құрамдастырым көйлектер олардың таптырмас серігіне айналады.

 

БУШЛАТ ПАЛЬТОСЫ

Бушлат пальтосы бізге Ұлыбритания мен АҚШ-тың әскери теңіз флотының жасақталуының арқасында келген. Бушлаттар соғыс жылдары әйелдердің сұлулықтан жылуды артық көрген кезден бастап олардың гардеробының бір бөлігіне айналған. Бұл маусымда теңізшілердің униформасына Chloe, Nina Ricci, Michael Kors және Sonia Rykiel сындылар сөзбе-сөз дәйексөз келтірген. Бұл – екі қатарда орналасқан 6-8 түймесі, екі тік және көлденең қалтасы, металлдан жасалған түймесі бар кең қайырма жаға.

 

ЖЫРЫҒЫ БАР КӨЙЛЕК

Жырығы сан тұсында орналасқан көйлек – аяққа назар аудартудың ең қарапайым тәсілі. Алайда жырықтан қорқудың немесе оған қатты қызығудың қажеті жоқ. Күзгі маусымда олар Энтони Ваккарело, Донталле Версаче және Джозеф Альтузарра модельдерінен өзгелерінде онша ұзын емес. Мысалы, Джамбаттиста Валли жырығы бар көйлекті кең балақты шалбармен киюге кеңес береді. Алайда бар мәселе жырықтың түрінде. Оның екі ғана түрі бар: біз үшін ыңғайлы үшбұрыш және тіктөртбұрыш.

 

КОМБИНАЦИЯ КӨЙЛЕК

90-жылдары іш киім стиліндегі көйлек кең таралды, мұны қалай кию керектігін Кельвин Кляйн көрсетті. Оны Кейт Мосс, Алисии Сильверстоун және Гвинет Пэлтроудың суреттерінен көруге болады. Бүгін құрамдасытырым көйлектер күндізгі және кешкі киімдердің бір бөлігіне айналған. Бұл Фиби Файлода нюд және қара түсті жібек матадан тігілген қарапайым көйлектер, Chloe топтамасында олар өрнекпен араластырылған, Louis Vuitton – принтпен, ал Nina Ricci мен Rochas – қауырсынмен безендірілген.

 

БҮРМЕ

Бүрме қайтадан бізбен бірге. Ол қысқа мектеп белдемшелерінде, мұнымен қатар ұзындығы тізеге дейін жететін белдемшелерде болуы мүмкін. Жаңа маусым топтамаларында бүрмеленген белдемшелерге жылтырлар "құйылған", көп жағдайда бір жағына немесе етегіне анық қатпар болып жиналған, мұнымен қатар мөлдір матамен жақсы үйлеседі.

 

ПЭЧВОРК

Құрақ құрау әдісімен тігілген печворк жазғы маусымнан күзге ауысты. Пэчворктың ұтымдылығы – қарама-қарсы түстерді, ою мен фактураларды қолдану арқылы ең қатал және қысқа пішімдегі киімнің өзін әсерлі етіп көрсетуінде. Tom Ford топтамасында деним боялған аң терісімен араластырылған, ал Chloe, Burberry және Etro киімдері түрлі принт пен түрлі-түсті мата қиындыларынан құралған.

 

СПОРТ

Бұл – барлық маусымда бар тенденция. H&M Studio "ғарыштық" комбенизондарды көлемді свитерлермен киюді ұсынады, Томми Хилфигер – былғары поло көйлектер, Lacoste – Уэс Андерсонның "Тененбаум отбасы" фильмінің кейіпкері Марго секілді спорттық костюмдерді тонмен, ал Rag&Bone мойны ұзын свитерді шалбарлы костюммен, спорттық ветровкамен киюге кеңес береді.

 

ТВИД

Әр күз сайын былғарымен бірге твид оралады. Жаңа маусымда твидтен пальто, жакет, белдемше, көйлек, екілік костюм тігілген. Бәрінен де твид Миучча Праданың Prada және Miu Miu топтамаларында көп. Твид сәнгер жылан терісі мен аң терісінің қиындыларын араластырады, Acne топтамасында твидтық пальто ірі, қарама-қарсы түсті жіптермен тігілген, ал Раф Симонс твид белдемшелерді кеспе секілді жолақтарға бөлген.

 

АҢ ТЕРІСІНЕН ТІГІЛГЕН МОЙЫНОРАҒЫШ

Жаңа маусымда көлемді мойынорағыштарды аң терісінен жасалған түрлері алмастырды. Мойынорағыштар әртүрлі болуы мүмкін – тері жағалы немесе ұзын, алайда күлгін, қызыл, сары, ақ секілді жарқын түстісін таңдаған жөн. Аң терісінен тігілген мойынорағыштарды бір немесе екі иыққа қатар асқан әсерлі көрінеді, бірақ оның салбырап тұрған шетін белдікпен мықынға байлап қою керек.

 

АЛПЫСЫНШЫ

Сәнгерлер тағы бір мәрте 60-жылдардан сәлем жолдайды. Бұл онкүндік сәннің басты хиттерін киіп көрудің тағы бір мүмкіндігі: А-мүсінді инфантильдік көйлектер, графикалық принт, "Мэри Джейн" туфлиі, қысқа, кең балақ шалбарлар мен мини белдемшелер, қысқа күртелер мен ақсөл ботфорттар. 60-жылдары синтетиканы ұнатқандықтан, былғары түрін шкафта қалдырған жөн.

 

 

Коллажи: Мария Попова

Больше