Поиск

Ерте күзге арналған гардероб: Гүлді көйлек, жылтыр белдемшелер мен бүрмелі свитерлер

Ерте күзге арналған гардероб: Гүлді көйлек, жылтыр белдемшелер мен бүрмелі свитерлер

Алғашқы сауда

Текст: Buro247.kz


Фото: Сергей Юн

Маусым айында бутиктерге күз-қыс маусымдарының барлығына реңк беретін Pre Fall 2016 топтамалары келіп түсті. Олар негізінен – күнделікті гардеробтағы қолайлы және керекті заттар – костюмдер, көйлектер, плащтар мен тренчтер. Алайда ерекшелік бәрібір бар, маусым аралық топтамаларға трендтік заттар да кірді – қосетек свитерлер, барыс принті, әшекейленген бомберлер мен жылтыр белдемшелер. Buro 24/7 редакциясы Pre Fall 2016 топтамасына тексеріс жүргізді және ерте күзге арналған киімдерді таңдады

 

ПЛАЩТАР МЕН ТРЕНЧТЕР

Жаңбырда құтқаратын және күздің салқын түндерінде тоңдырмайтын қынама белді немесе oversize әдемі жеңіл плащ көп жыл бойы гардеробтағы негізгі киім болып қала береді. Тың идеялардан – неон реңкті және тропикалық принтті, ассиметриялық етекті, капюшонды, жапсырма қалтасы бар көлемді инішті плащ. 


Бомбер

Кейбір блогер мен редактор бомберді – жаңа былғары күрте деп атап жүр. Мұның дұрыс немесе бұрыстығын уақыт көрсетеді. Алайда күздің басында бомберлерден бас тартудың қажеті жоқ. Өткен маусыммен салыстырғанда, бүгінгі бомберлердің принті азайған. Ұзын көлемді немесе қысқа үлгілері, түрлі-түсті нұсқалары мен бір түстілері сәнде. Зерден: университеттік эмблемалар, желбіршек пен кең етіп пішілген жең. 

 

КОСТЮМДЕР

Күзге қарай сәнгерлер тынышталды және подиумдердегі ала-құла костюмдердің дәуренінен кейін классиканы еске алды. Алайда жаңа үлгілер – ерікті түсіндірмесі болуы әбден мүмкін. Gucci топтамасындағы жакеттерде кішкене бүрмелер бар, айқын көрінетін ер пішініне қарамастан, Стелла Маккартни пастельді реңктерге назар аударады, Рози Ассулин қыздарды ілме өңірлі Георг жакеттерінде көреді, ал Эмилия Викстед классикалық жакетке стильді кең балақты шалбар ұсынады.


БҮРМЕЛІ СВИТЕРЛЕРЛЕР

Биыл күзде бізді бүрмелер мен желбіршектердің екінші танымал толқыны күтеді. Сәнгерлер күз маусымындағы ең танымал затта – свитерде жаздың негізгі трендімен эксперимент жасауды жөн көрді. Свитерлер мен жемпірлердің, пуловерлердің кеудесі мен белінен, иығынан, жеңінен жеңіл ойлы және биязы желбіршектер іздеңіз. Тек пропорциялар есіңізде болсын.


ГҮЛДІ КӨЙЛЕК

Майда гүлді принтті көйлектер бізбен ерте күзде ере жүреді. Алайда енді гүлді алқаптар тізеден төмен қара қошқыл көйлектерде жайқалды. Қара қошқыл маталарда зілсіз дала гүлдерінің өзі драмалы көрінеді.

 

ЖЫЛТЫР БЕЛДЕМШЕЛЕР

Жаңа маусымдағы белдемшелердің ұзындығы мен тігілген матасы елеулі рөл ойнады. Ұзындық – бүрмелі қатаң миди, мата – металлдандырылған, тіпті болмаса пайеткалар қолданылады. Белдемшелер жұқалтыр қабатынан тігілгендей әсер сыйлауы тиіс.

 

НЫҚ ӨКШЕЛІ ЖАБЫҚ ТУФЛИ

Сәнгерлер келер маусымда әйелдер аяғынан нық тұруы үшін барлығын жасады. Туфлилердің дөңгелектенген мұрны жабық, тағы да қолайлырақ болуы үшін – бекем қалың өкше. Өкшенің биіктігі түрленуі мүмкін: жасанды маржанмен әшекейленген кішкенесінен бастап, ерекше пішіндегі орташасына дейін.

 

БАРЫС ПРИНТІ

Pre Fall 2016 топтамаларында барыс принті өте көп, әсіресе, сырт киімде. Біз жыртқыш түсін киімнің аз бөлігінде ғана пайдалануға кеңес береміз – блузкалар мен жейделерде. Біріншіден, пальтоны жуырда кимейміз, екіншіден, бірегей әрі күрделі принтке үйренетін уақыт болады.

Больше