Поиск

Бұл күзде қандай туфли алған жөн?

Бұл күзде қандай туфли алған жөн?

Mary Jane-нің қайта оралуы

Текст: Buro247.kz


Алдағы маусымда туфли таңдайтын болсаңыз, ең алдымен мектеп оқушыларына назар аударыңыз. Олар ондаған жылдан бері Mary Jane киіп жүр. Ал дизайнерлердің бұл аяқ киіммен шабыттануы ретро-модельдің подиумдарға қайта оралуына себеп болды.

Жазық табан, дөңгелектелген тұмсықты пішін және бау – дәл осындай туфлиді өткен ғасырдың басында Buster Brown комикстерінің кішкентай кейіпкері Мэри Джейн киіп жүрген. Балаларға арналған, тіпті қуыршақтай дерлік аяқ киім тез арада сұранысқа ие болды. Оған қоса 1934 жылы жарыққа шыққан, басты рольді Ширли Темпл сомдаған «Браво, малышка» атты фильм туфли әйгілілігін одан да арттырды. Ал 60-жылдары британдық дизайнер Мэри Куант Mary Jane атты үлкен қыздарға арналған жеке топтамасын шығарды. Атақты Твигги де бұл коллекцияның бас июшілерінің бірі болған.

Бұл күзде қандай туфли алған жөн? (фото 1)

Mary Jane шын мәнінде сәнді аяқ киім ретінде Маноло Бланик арқылы танылды. Оның көмегімен бұл туфли өзге танымал туфлилерге бәсекелестік туғыза бастады. «Секс в большом городе» атты телехикая бөлімінің бірінде Кэрри Брэдшоу Маноло Бланиктың Mary Jane коллекциясының аяқ киімін «қала аңызы» деп атайды. Аталмыш телехикаядан өзге бұл аяқ киімді Алисия Сильверстоуннің кейіпкерлері киіп жүретін, ал «Бестолковые» таспасында оны Бриттани Мерфидің аяғынан көруге болады.

Бүгінгі таңда Mary Jane үлгісі ересектерге арналған қазіргі заман аяқ киіміне айналған: жазық табан орнына орнықты өкше келген, қатаң қара түс бай түрлі-түсті палитраға ауысқан, дөңгелектелген пішін сүйір тұмсық туфлиге айналған, ал бауы әдеттегіден жоғары орналасқан. Біз Mary Jane-нің ең тыртымды үлгілерін Prada, Miu Miu, Marni, Rochas, Saint Laurent, Dolce & Gabbana-ның күзгі топтамаларынан таңдап алдық. Жаңа оқу жылына дайындалайық!

Аударған: Гульмира Камзиева

Больше