Поиск

Басы ашық 45 жұп жаздық аяқ киім

Басы ашық 45 жұп жаздық аяқ киім

Жеңіл аяқ киім, сандалдар, мюлдер мен гладиаторлар

Текст: Buro247.kz


Buro 24/7 редакциясы биыл жазда сәнде болатын тәпішкелерге балама іздеп көрді. Көмекке сәнгерлер мен Coachella фестивалінің қонақтары келді. Сізге осы жазда сәнде болатын басы ашық 45 жұп аяқ киім ұсынамыз – қалың платформадағы спорттық сандалдардан бастап, көптің көңілінен шыққан биік өкшелі мюлдерге дейін

 

БИІК ПЛАТФОРМАДАҒЫ САНДАЛДАР МЕН ЖЕҢІЛ АЯҚ КИІМДЕР

Жаздық аяқ киім классикасы – сандалдар мен жеңіл аяқ киімдерді – кей сәнгер оларды платформаға қою арқылы сүйкімсіз етті. Топтамада тракторлық табанды, эспадрильдегідей жіптегі, жалпақ болса да, металлдық түймешіктермен әшекейленген, жібек ленталы немесе графикалық және жануарлар принтті түрлері бар. 

 

МЮЛДЕР

Мюлдер екі маусым қатарынан сәнде келе жатыр. Олардың кей жайсыздықтарына қарамастан, ретро-моделдердің көпшіліктің сүйіспеншілігіне ие екенін мойындаудан жалықпаймыз. XVIII ғасырдағыдай заманауи мюлдерді шашақтармен безендіріп, ірі тастармен көмкеріп, пайеткалармен және тормен қаптайды. Қатаң ережелерден тек – биік өкше мен формасының, басының жабықтығының – ізі де қалмаған. 

 

ДӨҢГЕЛЕК ШАШАҚТЫ САНДАЛДАР

Біз оны қонақтардың образы (майкалар, қысқа балақ шалбар мен қалпақ) дәстүрлі гладиаторлар, ал сандалдар түрлі-түсті дөңгелек шашақтармен және этникалық кестемен толықтырылған Coachella фестивалінде байқаған болатынбыз. Жеңілтек, кішкене балаша, есесіне жалықтырмайды.

 

ШАШАҚТЫ АЯҚ КИІМ

Богемалық 70-ж, Жабайы Батыс немесе өткен ғасырдың арқырауық 20-ж, сәнгерлерді бұл үштіктен нақты не нәрсе шабыттандыратыны – белгісіз. Және, жалпы, әлдеқашан маңызы да жоқ. Шашақ жаздық аяқ киімдер брендінің ондығынан ешуақытта кетпек емес. Өзгеріп отыратын болады, бірақ сылдырлаған және жүріс кезінде желпілдейтін майда лентадан ешкім де бас тартпайды.

 

ГЛАДИАТОРЛАР

Гладиаторлар жеңіске жету үшін жасалған. Әйгілі аяқ киім тренд болудан қалып, жаздық классикаға айналған. Ең көзге түсетіндері – аяққа әдемі жабысып тұратын, қалың баулы, биік өкшедегісі. Топтамадан жүргенде жайпақ, өкшесі кішкене, жіңішке бауларымен және күрделі өрнекті моделдеріне де орын табылған.