Поиск

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті?

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті?

Паулина Вега

Текст: Buro247.kz


Ең сұлу арудан өзінің сұлулығы туралы сұрау – бізге сын әрі ұят. Ал жер бетіндегі ең сұлу арудан не сұрауға болады? Басындағы тәжі болмаса, жайдарлы, әр сөзі сезімге толы, латынамерикалық жазушыларды оқуға кеңес беретін, өте қарапайым қыз. Buro 24/7 командасы Алматыдағы The VII Opera балына келген "Әлем аруы" Паулина Вегамен кездесті.

Маусым айында Алматы қаласында The VII Opera балы өтті. Паулина Вега осы балдың жүргізушісі болу үшін алыстан ұшып келді. Орталық Азияға "Әлем аруы" бірінші рет келіп отыр. "Traviata", - деп дауысты дыбыстарды созып айтқан үні латынамерикалық қыз екенін бірден байқатады. Оның сыңғырлаған күлкісі мен құлаққа жаққан "Traviata" мен "debutante"  деген сөздерін үздіксіз тыңдай бергің келеді.

Джузеппе Верди операсы мен Паулина Веганың арасында қандай байланыс бар? Оның атасы Гастон Вега - белгілі тенор. Ол Royal Tulip сахнасында жүргізуші болып тұрған кезде ұялы телефоны бір минут та тыныштық тапқан жоқ. Әкесі опера, тенор, ария туралы жазған хаттар жіберумен болды. "Әкемнің даусы керемет. Ол да әнді жан-жүрегімен сезе біледі, ал менің мұндай қабілетім жоқ".

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті? (фото 1)

Алматыда өзімді үйде жүргендей сезіндім. Колумбияға қатты ұқсайды. Тек тауларыңыз бізге қарағанда биігірек

Әлем аруының отбасы Колумбияның Кариб теңізі жағындағы басты порты саналатын Барранкилья қаласында тұрады. Отбасында 7 бала бар. Ал Паулина ортаншысы. Ол басты сайыста жеңіске жеткен кезде туыстары грим жасайтын бөлмеге басып кіріп, селфи жасауға асыққан екен. Осы сәтті есіне алып отырып көздері жайнап кетті. Артынша "I said "Seriously"???" - деді.

Әлемнің ең сұлу аруының жігіті бар. ("Ох, ол ең керемет, ақылды, қызуқанды, сұлу жан"). Әзірге «Бизнес администрациялау» саласында аяқталмаған білімі бар. Жігітімен өте сирек кездеседі. Еркек кіндіктілер жанында мұндай ханшайым жүрген кезде қорқады әрі ұялады: "Енді барлығы ұялатын секілді. Олар менімен тіпті сөйлеспейді".

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті? (фото 2)

Ол басты сайыста жеңіске жеткен кезде туыстары грим жасайтын бөлмеге басып кіріп, селфи жасауға асыққан екен

Ол "Әлем аруы" дәрежесінің арқасында армандаған қаласы Нью-Йоркте тұру мүмкіндігіне ие болды. Қазақстанға келмес бұрын Орталық саябақтың маңындағы қонақ үйлердің бірінде 10 күн тұрақтады. Паулинаның көп уақыты жол жүрумен өтеді. Ақшалай сыйлықтан өзге NEW YORK FILM академиясында оқи алады. Мұның барлығы әшекей, көйлек, туфли сынды майда сыйлықтарды алып болған соң жүзеге асады. "Әлем аруы" жер шарын шарлауға мүмкіндік береді. Мен әлемді тануға құштармын. Қатты қызығамын".

- Бизнес-класспен саяхаттайсың ба?

- Тек бизнес-класспен. (Күлді.)

Паулина бір жылдан да аз уақыттың ішінде тәжін өзге аруға тарту етіп, көпшіліктің ықыласы мен сыйлықтарынан айырылатынын жақсы түсінеді: "Мен Нью-Йорк академиясында білім алып, сәнбике болғым келеді. Қалауым осы. «Әлем аруы» дәрежесі маған кез-келген есікті айқара ашады. Бар болғаны жан-жүрегіммен нені қалайтынымды шатаспай таңдауым қажет".

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті? (фото 3)

Дәл қазір әлем аруында демалып отыратын уақыт жоқ. Колумбиядағы жерлестері көздеріне жас алып күтіп алса, Instagram желісіне жазылушылардың саны сағат сайын өсіп келе жатыр. Қоғам мен білім саласында атқаратын жұмыстары бар. Ол жұмыстар - тәж бен Нью-Йорктегі пәтердің құны. Әлем аруы СПИД-ке қатысты түрлі шараға, жасөспірімдік шақта жүкті болу, кедейлік сынды тақырыптарды қамтыған 70 қоғамдық жобаға атсалысып жатыр. Dolce vita дегеніміз осы. "Көбісі "Әлем аруы" әдемі көйлек киіп, үнемі бақыттан басы айналып, қымбат шараптар ішіп жүрумен шектеледі деп ойлайды. Шындығында біз көп еңбектенеміз".

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті? (фото 4)

Әлемнің ең сұлу аруының жігіті бар. Жігітімен өте сирек кездеседі. Еркек кіндіктілер жанында мұндай ханшайым жүрген кезде қорқады әрі ұялады

"Әлем аруы" қажырлы еңбек пен оқуды жақсы көреді. Осы күнге дейін Фернандо Саватердің барлық эссесі мен романын оқып, Перуан драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Марио Варгас Льостің еңбектерін сүйіп оқиды. Сөздерінен Габриэль Гарсиа Маркестің қазасына әлі де қапалы екенін байқауға болады. Қайда барса да, смартфонындағы Spotify мен SoundСloud қосымшаларын пайдаланады. Бірде Майкл Джексонды, келесі түні колумбиялық әнші Карлос Вивесті тыңдайды.

Сұлу бойжеткен Қазақстанға келген кезде Алматыны көрді: "Тауда болғанымызда өзімді үйде жүргендей сезіндім. Колумбияға қатты ұқсайды. Бірақ сіздердің тауларыңыз біздікіне қарағанда биігірек". Өзі жүргізуші болған кеш те көңілінен шыққан екен: "Барлығы да өзге әлемде жүргендей әсер сыйлап, ерекше салтанатпен өтті. Қандай шараға қатыссам да, әдемі болып жүруге тырысамын. Бірақ бұл жолы өзімді нағыз ханшайымдай сезіндім".

- Кеше тәжіңді киіп жүрдің бе?

- Күні бойы киіп жүрдім. Мұндай жағдай алғаш рет болып тұр. Ол айтарлықтай ауыр. Бірақ кешегі кеш осыған лайық болды деп ойлаймын. Барлығы өте әдемі болды. Қолғаптар мен вальс. Сіз қалай айтасыз? "Вальс? ", - деп дауысты дыбыстарды соза айтып күлді.

- Вальс.

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті? (фото 5)

Тәждің құны: Buro 24/7 редакциясының әлемдегі ең сұлу арумен кездесуі қалай өтті? (фото 6)

Продюсер: Куат Абешев

Стиль: Анара Кукиева

Макияж және шашы: Numero Uno Beautique

Паулина киімі: жейде – Theory, белдемше – Naeem Khan (бәрі – Saks Fifth Avenue)

Гүлдер: La Flore

The Ritz-Carlton Almaty қонақ үйіне алғысымызды білдіреміз.

Источник:http://www.buro247.kz/culture/operaball/s-koronoy-zhit-kak-redaktciya-buro24-7-provela-den-s-samoy-krasivoy-zhenshcinoy-planety.html