Поиск

Жаздың 10 үздік альбомдары

Жаздың 10 үздік альбомдары

Florence and The Machine, FKA Twigs және басқалары

Текст: Buro247.kz


Бұл жазды біз музыкамен өткіздік. Флоренс Уэлч мәтіндерін қайталадық, Tame Impala-мен кештерді рахаттанып өткіздік, The Weeknd-пен бірге сауық кештеріне жиналдық, ал FKA Twigs-пен жүздесуге бардық. Buro 24/7 редакциясы жаздың 10 альбомын еске алады

Ыстық жаз екі альбомнан басталды. Бірі – 2 маусым күні шыққан көптен күткен Florence and The Machine тобының How Big, How Blue, How Beautiful альбомы болса, екіншісі – одан бір күн бұрын жарық көрген Jamie XX-тың In Colour атты жаңа лонгплейі болды. Флоренс Уэлчтың пластинкасын асыға күттік. Ол жаңа жұмыстарымен көктемнен бастам бөлісе бастаған болатын. Сол кездің өзінде бұл альбом өзектен өткен махаббат, шаршағандық, талқандалған және талқандайтын қарым-қатынас жайындағы ой толғау болатыны белгілі еді. Қолын сарқыратып бұрмалап, дауыстап ауырып, ақылынан алжасудан жирен шашты Флоренске жетер ешкім жоқ. Жанкүйерлері альбомды жақсы қабылдап, әнші соңынан ақылдарынан алжасты. Жазда топ көптеген фестивальдерде хедлайнер болып өнер көрсетіп, стадиондар жинады.

FKA Twigs өзінің M3LL155X (Melissa) атты мини-альбомында әйелдік жайында басқа тұрғыдан ой қозғайды, альбом 13 тамыз күні шыққан. Сол күні интернетте тамаша біріктірілген 4 клиптен тұратын 16 минуттық видео шығарылды. Роберт Паттисонның сүйіктісі жұртты аузына қаратуын тоқтатар емес, оның видеоклиптары видеоартқа айналуда. Нәзік дауысымен ынтықтық және секс туралы айтады: “Мен сенің қуыршағыңмын”, – дейді. Әрі видеода ол шын мәнінде резеңке қуыршақ бейнесінде. Бұл көрініс сексуалды тартымдылықты бірден нәпсіқұмарлыққа айналдыратындай. Ал, бір қарағанда, әннің мәтіні тәтті көрінгенімен, ол шын мәнінде феминисттік наразылық білдіреді. Бейонсемен екеуін салыстыруға болмайды, себебі бұл жерде феминисттік ойын жоқ, барлығы шындап айтылған. Аталмыш әншілерді екеуіне ортақ продюсері – жұмбақ әрі аты аңызға айналған Boots біріктіреді. 

Осы жазда Раким Майерс өзінің At. Long. Last. ASAP атты екінші лонгплейін шығарды. Есімізде әсіресе оның Мигель, Род Стюарт және Марк Ронсонмен бірігіп жазған Everyday синглы қалды. Алайда бірінші дебюттік пластинкасымен салыстырғанда, A$AP Rocky атты екінші альбомы аса әйгіге ие болған жоқ. Екінші Pesso не Fashion Killa бола қоймады. Бұл жазда сонымен қатар Chemical Brothers тобы Born in the Echoes атты сәтті пластинкасымен, ал Tame Impalа өзінің Currents альбомымен қайта оралды. Басты трибьют-альбом деп Лорин Хиллдің белсенді қатысуымен жазылған Nina Revisited: A Tribute To Nina Simone альбомын атауға болады. 

Beauty Behind the Madness – бұл Абель Тесфайенің соңғы хиттері енген пластинкасының атауы. Оның ішінде “Сұрдың 50 реңі” саундтректерінің бірі болған Earned It және талай чарттар мен барлық курорт жағалауларынан естілген жазғы Can't Feel My Face әндері бар. Альбом тамыздың 28 күні шығады. Жаздың басты пластинкасы болып аты аңызға айналған Dr Dre-нің екінші және соңғы альбомы Compton атанды, ол 7 тамыз күні iTunes-те шықты.

Алдымыздағы күз жаңа музыкаға толы болатыны анық. Лана Дель Рейдің Honeymoon альбомынан бұл жолы жаңа үн естиміз деп үміттенеміз, ал Duran Duran сенімімізді толық ақтайды деп ойлаймыз.  

Больше