Поиск

\"Оскар\" номинанттары жарияланды

"Оскар" номинанттары жарияланды

28 ақпан

Текст: Buro247.kz


Алехандро Гонсалес Иньярритудың "Оралған әруақ" фильмі 12 "Оскар" жүлдесіне номинантталған. Иньярриту секілді Джорд Миллердің "Ессіз Макс: Қаһарлы жол" фильмі он жүлдеге үміттенсе, "Марстық" фильмі жеті номинациада аталған.

"Оскар" жүлдесіне үміткерлерді күні кеше Лос-Анджелесте Шерил Бун Айзекс, режиссер Гильермо дель Торо, Джон Красински және Энг Ли жариялаған болатын. Марапаттау рәсімі 28 ақпан күні өтеді. "Оскар-2016" жүлдесіне үміткерлердің тізімі келесідегідей. Үздік фильм номинациясы бойынша "Басты назарда" (Том МакКарти), "Оралған әруақ" (Алехандро Гонсалес Иньярриту), "Ессіз Макс: Қаһарлы жол" (Джордж Миллер), "Шпиондар көпірі", "Үлкен құнсыздану ойыны" (Адам МакКей), "Марстық" (Ридли Скотт), "Бөлме" (Леонард Абрахамсон) және "Бруклин" (Джон Краули) атты фильмдер сынға түседі.

Үздік режиссер мүсіншесін Том МакКарти, Алехандро Гонсалес Иньярриту, Стивен Спилберг ("Шпиондар көпірі"), Адам МакКей және Ленни Абрахамсон алуы мүмкін.

"Үздік актер" номинациясына Леонардо ДиКаприо ("Оралған әруақ"), Эдди Редмэйн ("Дат қызы"), Брайан Крэнстон ("Трамбо"), Майкл Фассбендер ("Стив Джобс") және Мэтт Дэймон ("Марстық") ұсынылды.

"Үздік актриса" үміткерлерінің арасында күткеніміздей Кейт Бланшетт, Дженнифер Лоуренс, Бри Ларсон, Сирша Ронан және Еуропа киноакадемиясынан "45 жыл" фильмі үшін жүлде алып үлгерген Шарлотта Рэмплинг бар.

Биыл шет тіліндегі үздік фильм номинациясы үшін бірден бес картина сынға түседі. Олар – венгерлік "Саулдың ұлы", француздық "Мустанг", колумбиялық "Жыланның құшағы", иорданиялық  "Абырой" мен "Соғыс".  

88-ші "Оскар" жүлдесімен марапаттау рәсімі 28 ақпан күні өтеді. Аталған рәсімді ABC телекомпаниясы әлемнің 225 мемлекетінде тікелей эфирден көрсетуді жоспарлап отыр. Марапаттау рәсімін әйгілі комик Крис Рок жүргізеді.

 

Екінші пландағы үздік актер

 

Екінші пландағы үздік актриса

 

Үздік анимациялық фильм