Поиск

Демалысқа ала кететін кітаптар: Жанды қарып өтер 7 триллер мен детективтік оқиға

Демалысқа ала кететін кітаптар: Жанды қарып өтер 7 триллер мен детективтік оқиға

Buro 24/7 / Bookmate

Текст: Buro247.kz


Ақтөбелік америкалық тыңшылар, орыс детективі мен Том Хиддлстонмен экранизациялар. Алып Bookmate кітап қызметімен бірге біз демалысқа арналған кітапхана жинастыруды бастадық. Оқуға жөн кітап таңдауымызды жаз бойы әр апта сайын күтіңіздер, еліктіргіш триллерлермен және детективтік оқиғалардан бастаймыз. Шынайы және ойдан шығарылған

 

Мариша Пессл, "Түнгі кино"

“Түнгі кино” триллерін қазірдің өзінде жылдың басты детективтік романы деп атайды, ал оның авторы – жазушы Мариша Песслді – тіпті әдебиеттегі Хичкокпен теңестіреді. Баяндаудың ортасында – жұрт алдына 30 жылдан астам уақыт шықпаған, діни қорқынышты фильмдердің авторы, сырлы кинорежиссер Станислас Кордова. Өзінің жаңа, шынайы үрейлендіретін туындыларын режиссер тек “түнгі кино” деп аталатын құпия көрсетілімдерде көрсетеді. Режиссер айналасында айтылған қауесет пен әңгімелер тергеу жұмыстарын жүргізетін журналист Скотт Макгрэтті қызықтырады. Оқиғаның желісі – болжап болмайтын, бас алу мүмкін емес. Бетінің саны 600-ден асатын кітапта – long read мінсіз демалысы. Оқығаннан кейін орнын тек төмендегі тізімдегі кітаптар ғана толтыра алатын қара тесік пайда болады.

 

Лена Элтанг,  "Картахена"

"Картахена" – тізімдегі жалғыз орыс авторының романы. Лена Элтингтің хикметті және эксцентрлі детективтері – орыс детективтерінің ішіндегі тың жұтым. "Картахенаның" оқиғасы 2000-шының басында өрбісе де, оқиғаның дәмі ескішіл романға ұқсайды. Элтанг классикалық ағылшын сюжетін италиялық декорацияға көшірген: Италияның оңтүстігіндегі кемежайлы қалашықта орналасқан жекежай, оның иесінің өлімі мен мұраны көксеген немере мен уақытша тұрғындар бастапқыға қарағанда бір-бірімен әлдеқайда тығыз байланысты. Элтанг жанрға тиесілі стереотиптердің барлығынан жылдам әрі ұтымды түрде арылып отырады.

Франк Тилье,  "Даңдайсу"

Темір бетперде киген үш бейтаныс шығысы бөгелген жартасқа шынжырланған. Бұл “Пиланың” жаңа бөлімінің трейлері емес, Франка Тильенің “Даңдайсуының” сюжеті. Тіпті жабық кеңістік пен кейіпкерлердің аздығы 260 беттен құралған детектив авторына градусты ұстап тұруға кедергі жасамайды. Тилье қиын жағдайда аман қалуға тырысатын адамды картинасында тамаша бейнелейді. Соңы – оқыс, оқиға – шынайы түршіктірерлік және сапалы триллердің дайын сценарийін еске түсіреді.

Жан-Кристоф Гранже, "Лонтано"

“Лонтаноның” басты кейіпкері – барлық мемлекет бойынша оғаш өлімдер тізбегіне жолығатын франциялық полиция басшысы. Қылмыстар детектив Морван 40 жыл бұрын ашып кеткен 70-шідегі Конгодағы сериялық кісі өлтірушінің әрекеттерін қайталайды. Полицейдің отбасылық қарым-қатынастарының желісі романға ауыр сипат беріп отырады. Детективтер шебері Гранже “Лонтаноны” үш жыл бойы жазған және өзінің ең ұнамды африкалық тақырыбына жүгінген. Көлемі 710 беттен тұратын роман бекем шиеленістіреді, бір түнде “жұтып қою” қаупі бар.

Дэвид Э. Хоффман, "Миллиард долларлық тыңшы. Кеңес Өкіметіндегі америкалық арнайы қызмет операцияларының ең адуынды оқиғасы"

Адольф Толкачев – мифтік кейіпкер емес, КСРО-да расымен де болған америкалық тыңшы. Толкачев америкалық ОББ-ге өз қызметтерін өзі ұсынған болатын. Америка үкіметіне қызмет еткен алты жылында мыңдаған бет құпия ақпаратты беріп үлгерген, алайда оны сатып кетеді. Ақтөбелік тыңшы туралы детектив элементтері бар нон-фикшн – АҚШ пен Кеңес Өкіметі қарсылығы тарихын ұнататындар үшін must-read болмақ.

Джон Вердон, "Көзіңді бекем жұм"

"Көзіңді бекем жұм” – заманауи сюжетіне қарамастан, дәстүрлі жанрдағы үздік детектив. Видеокамералар нысанасында үйлену тойының қызған шағында қалыңдық өлтіріледі. Қылмыс минутына дейін жазылған, алайда қылмыскерді іздеу отставкадағы полицей Дейв Гурни үшін де, оқырман үшін де нағыз басқатырғышқа айналады. Отбасылық трагедия үлкен қылмыстар тізбегіндегі бір түйін ғана болып табылады. Гурни екінші рет Вердон романдарының басты кейіпкеріне айналады.

Джон Ле Карре, "Түнгі әкімгер"

"Түнгі әкімгер" басты рөлдерді Том Хиддлстон мен Хью Лори сомдайтын ВВС жаңа телехикаясының арқасында екінші рет дүниеге келді. Романның басты кейіпкері дәл қазір беделді Цюрих мейманханасында түнгі әкімгер болып жүрген бұрынғы сарбаз Джонатан Пайн. Джонатан сүйіктісін өлтірген адамды жолықтырып, британиялық барлауға қызмет етуге қайта оралады. Негізгі кейіпкер “Түнгі әкімгерді” көпшілік Бондпен салыстырады, ал Хиддлстонның тыңшылық романның экранизациясындағы рөлін болашақтағы агент 007 рөліне дайындық деп айтады.

Больше