Поиск

Екінші жыныс: Әйелдер құқығын қорғап жүрген 15 суретші әйел

Екінші жыныс: Әйелдер құқығын қорғап жүрген 15 суретші әйел

Ренессанс дәуірінен бастап бүгінге дейін

Текст: Buro247.kz


Артемизия Джантилескиден бастап Мило Мойреге дейін. Buro 24/7 редакциясы өнерде әйелдер құқығын қорғаған басты феминистерді еске түсірді. Келесі жолы сізден: "Әйелдер арасында Леонардо немесе Микеланджело деңгейіндегі суретшілер неге жоқ?" деп ойға сыймайтын бірнәрсе сұраған кезде, Линда Нохлиннің дәйексөзін және 15 есімнен құралған төмендегі тізімді айтыңыз
Бүгінде заманауи мұражайлар топтамасы өнер әлеміндегі шынайы түрлілікті көрсетпейді. “Өнер әлемін миллиардерлер мен олардың арт-диллерлері басқарады, олар өздерінің құндылықтар жүйесін танытатын туындыларды сатып алады – деп әңгімелейді Guerrilla Girls тобының белсендісі. – Біз өнер белгілі бір адамның қызығушылықтарына жауап беріп қана қоймай, жалпы мәдиениетті көрсетуі тиіс деп ойлаймыз. Көп жағдайда, еркектердің”. Егер өнерде – адамдар қызметі саласының ең озық – әзірге дейін гендерлік кемсітушілік бар болса, өзгелері туралы не айтуға болады? Біз өздерінің әрекеттері арқылы құқық теңсіздігімен күресіп, озық әйелдер қоғамын толғандыратын мәселелер туралы айтқан 15 суретші әйелді таңдадық. 

 

АРТЕМИЗИЯ ДЖЕНТИЛЕСКИ

Артемизия Джентилески Флоренциядағы көне Еуропа көркем өнер Академиясына қабылданған алғашқы әйел болды. Сол кездегі аздаған суретші әйелдер секілді ол да кескіндемешінің қызы болды. Бала бола тұра Артемизия зорлау әрекетін басынан өткерді. Қорларлық сот тексерісінен кейін оны зорлаған адамды бір жылға түрмеге қамады. Оның Караваджоға сілтеген әйгілі "Юдифь, бас шабатын Олофернасы" осылай пайда болған.

 

Осы сюжет бұдан кейін оның жұмыстарында жиі қайталанды – "Иаиль мен Сисара", “Артаксерс алдындағы Есфирь”. Артемизия феминист әйел болған жоқ, ол әйелдердің құқықтары үшін күреспеді, бірақ өнердегі қалыпты патриархаттықты теңселткендердің алғашқысы болды. 

 

ЮНИС ГОЛДЕН

Америкалық Юнис Голден өткен ғасырдың 50-шісінде жалаңаштанған болмыс суреттері кеңінен танылған феминистік өнердің негізін салғандардың бірі болды. Оның жұмыстары өзгелерінен моделі ер адам болғандығымен ерекшеленеді, суретші осылайша әйелдер тәнін объектілеуге қарсылық білдіргісі келген. Оның ең танымал картиналары – Landscape 160 мен Nothing But Nudes. Ол жерде еркек тәні қорғансыз кейіпте бейнеленген. 

 

ЯЕИ КУСАМА

Яеи Кусама 1960-шы жылдары Нью-Йоркке көшіп келгенде өзінің қайталанатын нүктелер арқылы жасалған фирмалық өрнектерінің арқасында танылған. Сыншылар оның көркем суретке, инсталляция мен перформансқа деген бейдәстүрлі авангардтық тәсілді пайдаланатынын бірден аңғарған. Кусама феминизмдік толқынның алғашқы суретшілерінің бірі болып саналады.

1962 жылы Яеи "Аккумуляция N 2" жұмысын ұсынады – матадан жасалған жұмсақ өскіндерден құралған диван. Объектілерді көмкерген шошақтар – еркектің “фаллилиялық” қожалығына пародия сынды. Шамамен осы уақытта Кусама инсталляциялар ойлап тауып, перформанстар қоя бастаған болатын, Infinity Mirror Room – Phalli's Field – оның барлық жұмысы адам тәнінің айналасына бағытталған. Сол уақыттағы танымал туындылардың бірі – көптеген жалаңаштанған адамның қатысуымен өткен 1969-шыдағы Grand Orgy To Awaken The Dead перформансы. 2014 жылы Кусама ең қымбат суретші әйелге айналды. Оны White No.28 атты жұмысы Christie's аукционында $7 миллионға сатылған.

 

ДЖУДИ ЧИКАГО

70-шілерде өнерде арт-феминизмге нақты әрі бұрмалаусыз орын берілді. 1971 жылы Линда Нохлиннің “Ұлы әйел суретшілер неге жоқ?” атты эссесі жарық көреді, аталған туындыда өнертанушы әйелдер арасында Микеланджело дәрежесіндегі суретші әйелдердің болмауының себебін әңгімелейді. Нохлин проблеманы қоғамдық институттер жүйесі жоқтығы мен білімге қол жеткізе алмаушылық салдарымен байланыстырды. Дәл осы уақытта аренада бүгінге дейін “бірінші ұрпақтың суретші феминист әйелі” саналатын суретші Джуди Чикаго пайда болады – “феминистік өнер” терминін Чикаго енгізген болатын. Оның ең танымал жұмысы “Арнайы кешкі ас” инсталляциясы. Жұмыстың формасы 39 адамға арналған банкеттік үшбұрышты үстел, үстел үстіндегі орындар батыс өркениетінің ұлы әйелдеріне арналған. "Арнайы кешкі асты" алғаш рет 1979-шыда Сан-Францискодағы заманауи өнер Музейінде көпшілікке көрсеткен болатын, жұмысты үш ай ішінде 100 000-нан астам адам көруге келген. 2007 жылдан бері ол Бруклин музейінің тұрақты экспозициясында тұр.

 

МАРТА РОСЛЕР

Арт-феминизмнің тағы да бір басты тұлғаларының бірі Марта Рослер болып табылады, ол да Джуди Чикаго сынды 70-ші жылдардағы америкалық сыни өнерді бейнелейді. Рослер жылтыр журналдардағы әйелдердің фотосын түрлі асхана жабдықтарымен қатар қояды. Рослер әйел мен оның тәнінің қоғамда тұрмыстық заттар деңгейіне дейін төмендетілгенін және оның қызмет ету мақсаты мен оған тағайындалған міндеттерді қатты айқындады. 

 

АНА МЕНДЬЕТА

Кубиндік суретші Ана Мендьета феминистік өнерде фото суретті алғаш қолданғандардың бірі болды. 1972 жылы Ана перформанстар қоя бастады. Оның саясатқа бағытталған жантүршіктірерлік, жануарлар қаны жиі қолданылатын жұмыстарының басты тақырыбы – әйелді зорлау (Ана бала күнінде отбасымен бірге Кубадан қашқан). Ол боди-арт, лэнд-артпен бірге әртүрлі табиғи ортада – ағашта, балшықта, құмда дененің суретін жасаған. Алайда Ананың ең танымал жұмыстарының сериясы – кемсіту шекарасының тұрақсыздығын баяндайтын Facial Hair Transplants жобасының суреттері.

 

СИНДИ ШЕРМАН

Автопортреттердің шексіз сериясы арқылы танылған америкалық Синди Шерманды заманауи өнер әлеміндегі ең беделді суретші әйел деп атайды. Синди балалық шағында ескі киімдерді киіп алып өзіне кемпірдің, жалмауыз кемпір мен құбыжықтың рөлдерін ойлап табатын болған. Бұл балалық шақтың қызығушылығы Шерманның кейінгі шығармашылығын қалыптастырды – көрген көз таң қалудан жалықпайтын жаппай автопортрет. Өзінің өнімді өмірінде Синди мыңға жуық фото жасаған – киномелодрамалар рухындағы ақ-қара стильдеуден бастап классикалық шеберлер кейіпкерінің кенебіне дейін. Бірақ Синди феминистік өнер иконасы танымалдылығын киноматографиялық жұмыстар сериясынан кейін алды. Стереотиптік әйелдер образын жасай отыра ол бұл рөлдердің жасанды екенін ашқан және олардың қатардағы әйелдің күнделікті тұрмысына қандай әсерін тигізетінін анықтаған. Осылайша ол фото суреттер арқылы жасанды образдың қалай жасалатынын көрсеткен.

 

ЛИНДА БЕНГЛИС

Линда Бенглис 70-шілер толқынындағы көзге түскен соңғы өкілдерінің бірі болды. Оған танымалдылықты ақсөлден, балауыздан және полиуретаннан жасалған жұмыстары алып келді, алайда оның ең көзге түскені фото суреттер сериясы болды, бірінде суретші фаллоимитатормен жалаңаштанып тұрған. Бұл туынды сол уақытта ерлер басқарған көркем жүйеге жауап болды. Сурет заманауи өнер әлемінде кеңінен танылған “Артфорум” журналында жарияланды және Бенглиске арт-феминизм бейнесі атағын алып келді.

 

НАН ГОЛДИН

80-шілердің дәуірін фотосуретші Нан Голдиннің жұмыстарынсыз елестету мүмкін емес. Нан өзінің бірінші суреттерін әпкесінің жерлеу рәсімінде жасаған. Ол бұл суреттердің өзін мойындау тәсілінде өзін-өзі тану құралы болғанын еске түсірді. Кейін Голдин 80-ші жылдардағы шығармашылық богемалар өмірінің барлық деталі – түнгі клубтар, есірткіге тәуелділік, бітпейтін сауық кештерін жіті құжаттай бастады.

1986 жылы Нан Голдин “Сексуалдық тәуелділік туралы баллада” атты кітап шығарды, атап айтқанда бұл авторды ХХ ғасырдың үздік фотографтарымен қатар қойған, табысты фотокүнделік болды. Осылайша, Голден жалаңаштанған болмысты барлық формасында суретке түсіріп, оны бейнелеуге суретші әйелдердің де құқығы бар екенін бекітті. Секс табу болудан қалды.  

 

GUERRILLA GIRLS

1985 жылы құрылған арт-белсенділер Guerrilla Girls анонимдік тобы өнер әлеміндегі гендерлік және жаппай кемсіту сұрақтарымен айналысады. 1984 жылы Нью-Йоркте An International Survey of Painting and Sculpture атты заманауи өнер Музейі ашылды. Ол жерде 13-і әйел адам болған 169 суретшіні таныстырды. Осы жылдың 14-ші маусымында Guerrilla Girls белсенділерінің бірінші көпшілік алдына шығуы деп санауға болатын суретшілер тобы музей ғимаратына қарсылық акциясына шықты. 30 жыл бойы әйел суретшілер гендерлік теңсіздікті туралау мақсатымен заманауи өнер әлемінде үлкен жұмыс атқарды. Топ Стивен Кольбердің кешкілік шоуында мәлімдегендей, соңғы нәтижелерге сүйенсек, алда көптеген жұмыс күтіп тұр. “Ирония көпшіліктің сексизмнің 70-шіде, 80-шіде өнерде дамып, артынша мәселе шешілді деп ойлауында. Бұл қате. Біз әлі күнге дейін қорқынышты статистиканы бақылап келеміз және осыған орай Guerrilla Girls бұрынғыдай өзінің саласын жалғастыра бермек”, – дейді Зубейда атты мүшесі. Guerrilla Girls өздерінің арандатарлық постерлерінің арқасында танылды. Ең кеңінен таралғаны – Do Women Have To Be Naked To get Into Met. Museum?

 

ОРЛАН

Франциялық суретші Орлан пластикалық отаға арналған жұмыстар тізбегінің арқасында 90-шы жылдары танымал болды. Ол шығармашылыққа өзінің тәнін пайдалану арқылы көзбен шолу өнерін кеңейтіп қана қоймай, әйелдерге патриархалдық қоғаммен таңылған сенімсіз сұлулық стандарттарына назар аудартты. 90-шының соңында Орлан өзінің тәні мен бетін өзгерту үшін бірнеше пластикалық ота жасатты. Бұл перформанс адам тәнін өзгертудің қаншалықты мәнсіз екенін көрсеткендей болды.

 

ДЖЕННИ СЭВИЛЛ

Британиялық суретші Дженни Сэвилл классикалық көркем сурет жанрында жұмыс істеуді жөн көретіндіктен, заманауи суретші әйелдер арасында ерекше орын алады. Оның негізгі құралдары – кенеп пен акрил. Дәстүрлі тәсілді қолданғанына қарамастан бірінші көрме табысты өтті – оны сол кезде коллекция жиюшы әрі меценат Чарльз Саатчи байқады. Ол барлық жұмысты сатып алды және суретшіге 18 айлық келісімшарт ұсынды. Соның қолдауымен Сэвилл классикалық стандарттарды негізге ала отырып концептуалдық өнер – әйел болмысының жалаңаштанған суретін жасап шығарғаны үшін сындармен жақсы ниетпен ұшырасты. Оның жұмыстарының көп бөлігі адам тәнін бұрмалауымен ерекшеленеді. Суретшінің өзі гендерлік философия мен феминистік тәсіл шабыттандыратынын айтады, мұнымен қатар, Синди Шерман жұмыстарындағы шабытты сіңіретін көрінеді.

 

ТРЕЙСИ ЭМИН

Трэйси Эмин – ағылшын суретшісі және актриса, “Британиялық жас суретшілер” тобының бір өкілі. Оның Тернер жүлдесіне үміткерлер тізіміне кірген “Менің төсегім” инсталляциясы көбірек танымал болды. 2014 жылы айналасында тұрмыстық қоқыс шашылып жатқан, жиналмаған төсек-орынды қамтыған арт-жоба Christie's аукционында $4,3 миллионға сатылды.

Сыншылар суретшінің шығармашылығын түрліше қабылдайды: бірі оның көп жұмысы арнайы бір мақсатсыз кереғар қылықта құрылған деп ойласа, өзгелері Трейси заманауи әйелдер өнерінің толқынын бейнелейді деп ойлайды. Қандай жағдай болса да Трейси Эмин заманауи өнердің ең коммерциялық табысты суретшілерінің бірі болып табылады – қазіргі таңда ол арт-диллер әрі коллекционер Чарльз Саатчидің қоластында.

 

МИЛО МОЙРЕ

Арт-феминизмнің соңғы толқынын біз қазір бақылаудамыз. Өз ойын білдіру үшін радикалдырақ құралдар таңдайтын көптеген жас суретші пайда болуда. Мило Мойре – өзінің ашық перформанстары арқылы танылған швейцариялық суретші. Мило Кельн алаңдарының бірінде ақ кенептің үстінде тұрып бояу толы жұмыртқа “босанған” The PlopEgg Painting перформансынан кейін танылды. Жұмыртқалар ақ парақта жарылған және түрлі өрнек құраған. Суретші өзінің сексуалдық зорлық пен соққыға жығылған әйелдерге қолдау көрсеткен соңғы акциясын Кельнде өткізді. Суретші жалаңаштанып Кельннің басты алаңына: “Бізді сыйла, біз – жалаңаш болсақ та, жабайы құс емеспіз” деп жазылған плакатпен шықты.

 

ШАМСИЯ ХАССАНИ

Феминистік өнердің серпілісі гендерлік теңсіздік тек соңғы жылдары ғана көтеріліп жүрген мұсылман елдерінде де байқалады. 25 жастағы Ауғаныстан тумасы Шамсия Хассани 2010 жылдан бастап граффити сала бастаған. Ол екі жыл қатарынан Ауғаныстандағы жалғыз көше суретшісі болды. Оның көптеген жұмысында паранжадағы әйелдер бейнеленген, бірақ бұрышталған иық пен жамбас арқылы көрініс тапқан “жанданған” силуэтпен. Жұмыстарының өзге кейіпкері – балықтар, аквариум түбіндегі балықтар. Шамсия Кабул көшелерінде әйелдердің қандай жағдайға тап болғандығын айтады: көшеге барлық тәнін жасырып, паранжа киіп шығатындардың өзі ашық тобық пен білекке бола сөз естулері мүмкін, кейде қорлайтын, тіпті қауіпті назардан еш құтылу мүмкін емес.

Больше