Поиск

Buro 24/7 кураторлар дәрістері: Яна Малиновская “Симбиоз” жобасы туралы

Buro 24/7 кураторлар дәрістері: Яна Малиновская “Симбиоз” жобасы туралы

ARTBAT FEST7

Текст: Buro247.kz


Алматы қаласында 2 қыркүйекте 7-ші ARTBAT FEST заманауи өнер фестивалі басталады. Көрме кураторлары олар туралы тек Buro 24/7 редакциясына арнайы дайындаған дәрістерінде ғана баяндайтын болады. Ботаникалық бақтағы ең қызықты жобалардың бірін Яна Малиновская әзірлеп жатыр. Яна біздің оқырмандарымызбен маңыздылығы эволюция үшін Дарвин идеясынан еш кем емес симбиоз теориясы туралы, музей кеңістігінен өнердің қалай сытылып шыққаны туралы және бізді ҒЗИ филиалындағы “Ботаника институтында” не күтіп тұрғаны туралы бөліседі

1968 жылы нью-йорктік “Дван” галереясындағы көрмеге келушілер өнер туындыларының орнынан олардың суретін тапқан болатын. Суретшілердің жұмысының абажадай әрі дүниеге келген жерімен байланысты болғаны соншалық, оларды иемденіп, галереяға алып келу мүмкін болмаған. Earthworks (Қазу жұмыстары) топтық көрмесі өнер тарихына лэнд-арт (land art) қозғалысының бастамасы және сайт-специфик (site-specific art) ретінде енді. Бұл – өнер тек музейде өмір сүре алады деген дәстүрлі көзқарасқа қарсылық еді. Қозғалыс мүшелері өнер сурет шеберханаларынан, галерея мен музейлерден, нарықтан тыс жерлерде дүниеге келеді деген мақсат қойған – олардың жұмыстарын сатып алу және көрмелік кеңістікте қою қиынға соққан. Олар өздері дүниеге келген жерлерге тиесілі болды. Бүгін “Көрмелік кеңістіктен тыс өнер” қозғалысының құрамына лэнд-арт, сайт-специфик, экологиялық өнер, қоғамдық орындағы өнер еніп кетеді – жұрт алдындағы өнер, көше өнері. Бұл бағыттар суретшілерге көп құрал ұсына және оның дүниеге келуіне көрерменді қатыстыра немесе аластата отырып суретшілерге сөйлеу мүмкіндігін беріп тармақталады, араласады, дамиды – жұмыстың өзі көрерменнің көзінен тыс жерде дүниеге келгендіктен, көрермен тек құжаттамасын көре алады.

EARTHWORKS (ҚАЗУ ЖҰМЫСТАРЫ) ТОПТЫҚ КӨРМЕСІ ӨНЕР ТАРИХЫНА ЛЭНД-АРТ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ БАСТАМАСЫ ЖӘНЕ САЙТ-СПЕЦИФИК РЕТІНДЕ ЕНДІ. БҰЛ – ӨНЕР ТЕК МУЗЕЙДЕ ӨМІР СҮРЕ АЛАДЫ ДЕГЕН ДӘСТҮРЛІ КӨЗҚАРАСҚА ҚАРСЫЛЫҚ ЕДІ 

Мұндай түрлі әдіспен орындалған жобалардың хрестоматиялық мысалдары – Йозеф Бойстың “7000 емен (7000 oaks)" науқаны мен Роберт Смитсонның Spiral Jetty (Шиыршық бөгет) жобасы. 1982 жылы Бойс Кассель қаласындағы музей ғимаратының алдына 7000 базальтты блок төккен. Бір блокты алып тастау үшін қалаға бір емен отырғызу керек болатын. Бес жылдан кейін қалады 7000 емен жайқалып тұрды. Смитсонның Шиыршық дамбасы (1970 ж.) Юта штатындағы мұнайлы өлкедегі Үлкен Тұзды көлдің солтүстік-шығыс жағасында топырақтан, батпақтан, судан, тұз кристаллдарынан және базальттың сынықтарынан жасалған болатын.

Buro 24/7 кураторлар дәрістері: Яна Малиновская “Симбиоз” жобасы туралы (фото 1)

Ұзындығы 450 және ені – бес метрлік дамба сағат тіліне қарсы шиыршықталып көлге қарай бағытталған. Шиыршық судың астына жасырылмағанда, суретшінің жұмысын осы жерге келіп көруге болатын еді. Бойс кез келген адам – әлеуетті суретші бола алатын қоғамдық мүсіншенің концепциясын ұсынды. Смитсон көркем жұмыстың аяқталу ұғымын жоққа шығара отырып, мүсінше, орын және пейзаж ұғымдарының базалық түсінігін өзгертті.

Buro 24/7 кураторлар дәрістері: Яна Малиновская “Симбиоз” жобасы туралы (фото 2)

Өнер туындысы, соның ішінде мүсінше айтарлықтай өзгеріске ұшырады, ол музейден музейге саяхаттап және тауар ретінде жүретін объекті болу сипатын жоғалтты. Ол қимыл-қозғалыстың және өзге де табиғи ландшафтың, оқиғаның, қаланың бір бөлігіне айналды. Заманауи суретші өзінің жұмысын көрсететін жерін, пішінін, құралын, материалын өзінің дәл жеткізгісі келген ойы мен идеясына орай таңдайды.

ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ МҮСІНШЕ АЙТАРЛЫҚТАЙ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАДЫ, ОЛ МУЗЕЙДЕН МУЗЕЙГЕ САЯХАТТАП ЖӘНЕ ТАУАР РЕТІНДЕ ЖҮРЕТІН ОБЪЕКТІ БОЛУ СИПАТЫН ЖОҒАЛТТЫ

Алматының Ботаникалық бағында ARTBAT FEST 7 аясында “Симбиоз” халықаралық көркем-зерттеу жобасының қатысушылары жерінің қыр-сыры мен жобаның кураторлық концепциясының аясында өздерінің жұмыстарының идеясын ойластырады. Біз кеңістікті, оның мінезін, жай-күйін, қарым-қатынасын жоққа шығара алмаймыз. Ботаникалық бақ – қала тарихымен байланысты мәдени, қоғамдық орын, бұл қаланың ортасында орналасқан үлкен табиғи территория, сонымен бірге Ботаникалық бақ – көңіл көтеруге арналған саябақ емес. Біз өзіміздің жұмысымызға - лэнд-арт, сайт-специфик, экологиялық өнер, және кеңістіктің қоғамдық мінезін ескере отырып, - жұрт алдындағы өнерді кездейсоқ таңдамадық. Жобаның тақырыбы жердің сипаттамасына негізделген: Ботаникалық бақ – ҒЗИ “Ботаника институтының” ғылыми-практикалық филиалы. “Симбиоз” жобасының кураторлық концепциясы – бұл авторлық жобалар – табиғи және қоғамдық аспектілердегі симбиоз тақырыбындағы көркем зерттеулері бар зертхана. Капитализм үшін барынша ыңғайлы дарвиндік түрлердің шығу тегі мен тіршілік үшін күрес теориясы бақталастықты ақтағандай сол кездегі құрастырылған маңыздылығы жағынан еш кем емес теорияны шетке ысырған болатын. Бұл симбиоз теориясы – көптеген түр мен бір түрдің ішіндегі өзара әрекеттестік пен серіктестік. Симбиоз теориясының жақтаушылары табиғатта өзара күрес заңына қарағанда, “өмір үшін күрестің табыстылығы үшін және түрлердің қарқынды эволюциясы үшін маңызды рөл ойнайтын” өзара көмек заңының барын алға тартқан. (Карл Кесслер). “Өзгелерге қарағанда жақсырақ икемделетін” өзара ымыраға келе білетін индивидтер мен бірлестіктер екенін алға тартқан биолог Петр Кропоткиннің зерттеулеріне сүйене отырып, куратор қатысушыларға эволюциялық теориялардың пайда болған нүктесіне оралуға және симбиоздың керектігін, қауымдасу мен қоғамдық қарым-қатынас үшін өзара көмек алмасудың маңызы туралы ойлауға шақырады.

Buro 24/7 кураторлар дәрістері: Яна Малиновская “Симбиоз” жобасы туралы (фото 3)

Ботаникалық бақтың қаламен ұзақ симбиотикалық қарым-қатынастағы кеңістігі бізді осы үдерісті зерттеуге шабыттандырды. Бұл алаңда симбиоз үдерісі биологиялық әрі қоғамдық аспектілерде көрініс тапқан. Біз әдейі зерттеу тақырыбын қысқартпауды жөн көрдік, орнына өзімізді қызықтыратын маршруттарды белгіледік: территория симбиозы – қала мен бақтың; мәдениеттің симбиозы; адам мен табиғаттың симбиозы; симбиоз атомизацияға қарсылық; симбиоз – қарым-қатынасты таңдау ретінде.

СИМБИОЗ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЖАҚТАУШЫЛАРЫ ӨЗАРА КҮРЕСТЕН БӨЛЕК, ТАБИҒАТТА ӨЗАРА КҮРЕС ЗАҢЫНА ҚАРАҒАНДА, “ӨМІР ҮШІН КҮРЕСТІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫ ҮШІН ЖӘНЕ ТҮРЛЕРДІҢ ҚАРҚЫНДЫ ЭВОЛЮЦИЯСЫ ҮШІН МАҢЫЗДЫ РӨЛ ОЙНАЙТЫН” ӨЗАРА КӨМЕК ЗАҢЫНЫҢ БАРЫН АЛҒА ТАРТҚАН

Бүгін бэкграундтегі мәдени және тарихи тәжірибенің арқасында, симбиоз ұғымы арқылы біз кез келген оппозицияның өзара әрекеттестігін зерттей аламыз: өткен және келешектегі, жергілікті және жаһандық, адам мен табиғаттың, адам мен техниканың, түрлі мәдениеттің, өнердегі бағыттардың, өнер мен ғылымның. “Кеңістіктен тыс өнер” қозғалысының пионерлерінің мұрасын жалғастыра отырып “Симбиоз” қатысушылары Ботбақтың территориясы мен бақтың ғалым-қызметкерлерімен серіктесе отырып өздерінің авторлық және көркемдік тапсырмаларын орындайды. Біз бұл мәдени ландшафты өнер арқылы игеру келешегі бар әрі қызықты тәжірибе болады деп үміттенеміз. Жобаға Қазақстан, Қырғызстан, Франция, Ресей, Украина елдерінің суретшілері атсалысады. Жоба аясында қатысушылармен бірнеше кездесу, арнайы перформанс пен кураторлық экскурсия ұйымдастырамыз деген ойдамыз. Көрермендерге зерттеулеріміздің нәтижесін ұсыну арқылы, біз тағы да бір симбиоз жасаймыз – өнер туындысы, суретші, көрермен, жер өзара әрекеттеседі және ұжымдық ұғыну кеңістігін құрады. Біз жобамызды ортақ түрлер эволюциясына қолғабыс ету деп қарастырамыз.

“КЕҢІСТІКТЕН ТЫС ӨНЕР” ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ПИОНЕРЛЕРІНІҢ МҰРАСЫН ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП “СИМБИОЗ” ҚАТЫСУШЫЛАРЫ БОТБАҚТЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫ МЕН БАҚТЫҢ ҒАЛЫМ-ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН СЕРІКТЕСЕ ОТЫРЫП ӨЗДЕРІНІҢ АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАЙДЫ 

Больше