Поиск

Elements және Seven Trees қайырымдылық жобасы

Elements және Seven Trees қайырымдылық жобасы

Buro 24/7 мен Esentai Mall қолдауымен

Текст: Buro247.kz

Фото: Марина Карпыкова


26 мамыр күні Esentai Mall 3-ші қабатындағы Elements зер мен интерьер бутигінде Seven Trees ("Жеті-Ағаш") қоры сауықтыру бағдарламасының мүшелері әзірлеген үйге арналған тауарлар көрсетілетін қайырымдылық кеші өтізілді. Қолөнер бұйымдарымен біздің арнайы түсірімде таныса аласыздар

"Жеті-Ағаш" қоғамдық қоры қоғамдағы әлсіз қазақстандық әйелдерге қолдау көрсетіп, олардың әлеуметтік өмірге сіңісуіне көмектеседі. Бейкоммерциялық ұйымның мүшелері кәсіби тігінші әйелдердің көмегімен үйге арналған әдемі де сапалы заттар жасайды: майлық, дастархан, жастықтар мен тағы басқалар. Мұның барлығы – бірігу мен қолдау көрсету бағдарламасының бір бөлігі. 26 мамыр күні Elements интерьерлік бутигінде бейкоммерциялық ұйымның құрушысы әрі директоры Моника Форбухнер оның басты мақсаты мен жобалар туралы айтып беретін Esentai Mall мен "Жеті-Ағаш” біріккен қайырымдылық науқанының алғашқы таныстырылымы өтті. Бұйымдарды сатудан түскен ақша толықтай "Жеті-Ағаш" қорының бейімделу орталығының дамуына жұмсалады. Осы кешке орай Buro 24/7 редакциясы ертеңнен бастап сатылымға шығатын заттардың фото-түсірімін әзірледі. 

Elements бутигінің құрушысы Диана Тлеулиева өнімдердің жоғары сапасына назар аударады: "Дастархандар, үстелге қойылатын майлықтар, алжапқыштар, декоративті жастықтар зығырдан қолдан жасалған. Біз тауарлардың сонылы, бірегей әрі сапалы болуына назар аударамыз, және бұл өнім жоғары талаптарға жауап береді”



 

Больше