Поиск

Теңіз толқып тұр: Көк реңктердегі көз макияжы

Теңіз толқып тұр: Көк реңктердегі көз макияжы

Маусымның басты бьюти-тренді

Текст: Buro247.kz


Көк реңктердегі макияждар туралы өткен жылдың өзінде айтылған болатын. Алайда енді визажистер жазда жарқын түстерді қолдануға шақырмайды. Олар тіпті мұны талап етеді

Жалпақ кобальтті сызықтар, индиго түсті кірпіктер, пастельді-көгілдір smoky eyes, жартылай түссіз көгілдір мен қасқа дейін жағылған жылтылдақ қабақ бояулары, жоғарғы және төменгі қабақтағы ассиметриялы сызықтар, көк кайалмен өңделген төменгі қабақ – бұл маусымда өзіңізді шектеудің қажеті жоқ. Бұл сынды макияжға бірнеше техника сай келеді, алайда біз halo-eyes деп аталатын түрімен эксперимент жасап көруді ұсынамыз. Бұл ең ашық әрі жарқын реңктің қабақтың ортасына жағылып, осыдан көздің ішкі және сыртқы қабаттарына қарай қарауыта түсуі. 

Бұл трендтің өзіндік стереотиптері бар және көбісі аңғалданып мұны ережеге балайды. Мысалы, көк көзділерге көк қабақ бояуын жағуға болмайды дейді. Болады. Көк реңктер көгілдір көздерді терең тұңғиыққа айналдырса, жасыл көздер зүбаржат, ал сұр – көгілдір реңкке ие болады. Көк-көгілдір палитра қара және қоңыр көздермен тамаша қарама-қарсылық үйлесіміне ие болады.

Больше