Батыста "жаңа" фермерлік идеясы 1950-1960 -шы жылдары ірі өндірушілер химиялық тыңайтқыштарды жаппай пайдаланып, егістіктерін ұлғайтқан уақытта пайда болған. Ол уақытта қымбат химикаттарды сатып алуға шамалары келмеген майда фермерлік шаруалар қозғалысы шығып, артынша  бас қосып оларға қарсы сес көрсетті. Заманауи ферманың түп бейнесі осылайша пайда болды - пестицидсіз, гербицидсіз, гормонсыз органик-өнім өндіретін. Қазір мұндай фермалар өзінің заңдарымен, өнімдерімен және регламенттеуімен ауылшарушылық саласының бір үлкен бөлігін алып жатыр. Бұған билік белсенді түрде жәрдемдеседі - мысалы, Эстония мен Латвия өздерінің эко-өндірушілерінен олар өткізе алмағанды міндетті түрде сатып алады. 

Қазақстанда фермерлік шаруашылыққа деген тренд жуырда ғана пайда болды, десе де, бар қор саланың қарқынды дамуына жағдай жасамақ. Фермерлікпен ауыл тұрғындарының үлкен бөлігі айналысады, бірақ бұл саладағы өндіріс тәсілдері мен технологиялары үмітсіз ескірді. Маркетологтар отбасылық дәстүр кодтары мен сауданың мирасқорлығын  табысты пайдаланады, алайда, шын мәнінде, "әжелеріміздің" дәстүрлері ірі шаруашалықтардың заманауи өнімдерімен бәсеке түсуі мүмкін емес.

Жаңа фермерлер: алматылықтарға ауылға барудың қажеті қанша?

Қазақстанда эко-қозғалыстың таралуымен жаңа фермерлердің тұтас ұрпағы пайда болды - қалада өссе де, "жерге" қайта оралуды жөн көрген жас кәсіпкерлер. Олардың мақсаты - өздері мен жақындарын химиялық қоспасыз өнімдермен қамту ғана емес, мұнымен қатар, жеке кішігірім әрі заманауи бизнес құрастыру. Дәстүрлі фермерлер секілді бұл іске жаңадан келген қалалықтар сол қиындықтарға тап болған, дей тұрғанмен органикалық егін шаруашылығымен айналысу әлдеқайда қиын. 

Алматыда Ирина Профоренконы диджей және сәнбике ретінде біледі, ол фермерлікке жуырда ғана келді, бірақ толықтай беріліп жұмыс істеп кетті. Семинарлардың бірінде Ира ауыл шаруашылығын "қайта жандандыру" тақырыбы қызық болған ниеттестері - Ринат Фазылбеков пен Әлім Сайлыбаевты жолықтырады. Олар бірігіп тек жас кәсіпкерлерге ғана емес, жермен бір он жылдықтан артық уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан жандарға көмектесетін Social Farm Agropark жобасын ұйымдастырды. 

Жаңа фермерлер: алматылықтарға ауылға барудың қажеті қанша?

Ирина Проференко, Social Farm Agropark негізін салушылардың бірі 

Social Farm Agropark - бұл экологиялық фермерлік пен органикалық дамуда әлемдік тәжірибені тарату үшін ұйымдастырылған инновациялық технологиялық саябақ. Ұйымдастырушылардың өздері оны қоғамдық бизнестің жаңа жобасы деп атайды. Дәл қазір олардың иелігінде Алатау бөктеріндегі 100 гектар жер бар. Данышпандыққа дейінгі жүйе қарапайым - кез келген қалаушы жобаға инвестиция салу арқылы "Агросаябақтың" серіктесі бола алады. Қайтарымына серіктес өзінің шарушылығын құрастыра алатын - бақтар, бау-бақшалар, егіндік жерлер, омарталар, жүзімдіктерге арналған жерлерді қолдану мүмкіндігіне ие болады. Мүмкіндіктер тек табиғи жағдайлармен шектеледі. "Агробақ" өз тарапынан жан-жақты қолдау мен кеңес ұсынады, сол себепті ферманы тек суреттен ғана көргендер де фермер бола алады. 

Жаңа фермерлер: алматылықтарға ауылға барудың қажеті қанша?

"Қазіргі сәтте бұл көпшілігіміз үшін ситуациядан шығудың жалғыз амалы болмақ. Мұнай жылдары таусылды, алайда біздің өзіміздің қайта қалпына келтіруге болатын мұнайымыз бар", - жобаның негізін салушылардың бірі Ринат Фазылбеков осылай әңгімелейді. - Қазір "Агробақта" алғашқы сынама жоба жұмыс істеп тұр - жуырда 20 улейге арналған омартадан алғашқы өнім алынды. Оны құру үшін $2000 көлемінде инвестиция қажет болды, ал екі мың доллар дегеніміз не? Кез келген отбасы кішкене ақша жинаған соң, осындай бизнеспен айналыса алады. Бүгінгі таңда органикалық шаруашылықтың дамуы мемлекеттік деңгейде талқыланып жатыр, сондықтан жуырда сектор дамуда үлкен түрткі алады деген ойдамыз".

Жаңа фермерлер: алматылықтарға ауылға барудың қажеті қанша?

Ринат Фазылбеков, Social Farm Agropark негізін салушылардың бірі 

Объект салынып жатқан уақытта ұйымдастырушылар белсенді дайындық жұмыстарын жүргізуде - таныстыру шараларын, шетелдік эксперттермен паблик-токтер өткізеді. Мысалы, қалалық еріктілердің тұтас тобын "Достар аллеясына" ағаш отырғызуға алып шықты, осылайша мини-краундфандингтік кампания ашты. 

Қазір "Агробақ" ұйымдастырушыларының міндеті - жаңа фермалардың негізгі қозғалтқыш күшіне айналатын қызығушылығы бар, жас әрі қалалық тұрғындарды тарту. "Әзірге "Агроферма" тек ауылдық жоба ретінде қабылданып жатыр. Иә, біздің территориямыз қала сыртында орналасқан, бірақ ауыл халқы өздігінен технология мен инновациядан алыс, - дейді Ирина Проференко. - Осыған орай, біз қоғамның прогрессивті қабаты қалалықтарды бұл іске жұмылдыруға жөн көріп отырмыз, ұсыныс олардың тарапынан түсуі тиіс. Біз олардың назарын өзімізге аудартып, мұның әлемдегідей сәнді болғанын қалаймыз". Бірақ бұл сән уақытша тренд болмайды, ол ауыл шаруашылығында инновациялық бағытта дамуы тиіс, деп түсіндіреді Әлім Сайлыбаев пен Ринат Фазылбеков. 

Жаңа фермерлер: алматылықтарға ауылға барудың қажеті қанша?

Әлім Сайлыбаев, "Агробақтың" негізін салушы 

Қазір олар экстенсивті өндіруге қарсы жаңа органикалық өндірудің тәсілдерін ойлап тауып жатыр. Қазіргі таңда кәсіпкерлердің көбісі бұрынғыдай кеңшар принціпіне сай жұмыс істейді. Фермерлер әр гектардан пайда алады, бұл көп аумаққа егін ексе, соншалықты көп ақша алады деген сөз. Бірақ бұл іске жаңадан келгендер мұндай үлкен жер телімін сатып ала алмайды, мұнымен қатар, көп ақшаны талап ететін ірі ауыл шаруашылық техникасы қажет болады. Кішігірім екі гектар жерге әртүрлі дақыл егіліп жатқанда,  "Агробақ" өзінің серіктестеріне диверсификацияның қарапайым тәсілін ұсынады.

"Ережеге сай, территорияға дара дақылды егіс егіледі және ешқандай әртүрлілік жоқ, ал біз керісінше жасауға болатынын дәлелдегіміз келеді. Қандай қала тұрғыны барып 50 гектар жерге картоп отырғызады? Оған бұл аса қызық та емес, - деп түсіндіреді Ринат. - Біз диверсификация тәсілінің арқасында кішкене жерде салаттың көптеген түрін, жаңғақтарды, жидектерді, көкөністерді, гүлдерді өсіруге болатынын көрсеткіміз келеді, осының арқасында табыстың көлемі ұлғаяды. Бұл орташа есеппен қала тұрғыны үшін ыңғайлы әрі тартымды. Кез келген адам 1-5 гектар жерді сатып алып, ол жерге өзі қалаған дақылдарын отырғыза алады". 

Консультация мен жерді өнім өндіруге беру - "Агробақтың" жалғыз бағыты емес. Жоспарда - мәдени алмасу және идеямен алмасу үшін ашық кеңістік құру.  Бұл бағытты жаңа фермерлер "ауылдық туризм" деп атады, ол қонақ үй кеңістіктерін, кампустарды, коворкингтерді, зертханаларды, жылыжайларды, кооперативтерді қамтиды. Осылайша "Агробақ" шикізатты өндірушілер мен ритейлерлер арасын байланыстырушы буын болмақ, ал басты бағыты Қазақстан нарығында органикалық өнімдерді дәріптеу.

Бүгінгі фермерлердің көбісі шикізатты өсіріп шыға алады, ал одан дайынын шығару көптің қолынан келе бермейді. Бұл үшін оларға жұмысты қайта қараушылармен бірге кооперацияда және сауда ұйымдарымен бірігіп еңбектенулеріне тура келеді, аталған процесс ретке келтірілмеген және бағасы да қымбат. "Агробақ" фермерлерге бұл мәселеде де көмекке келмек. "Біз тек тың өнімдер сатқымыз келмейді, ақша мәселесі тарапынан келгенде бұл қызық емес. Сен бұл көкөністерді тұздап, маринадтап, консервілей аласың және мұның бағасы қымбаттай түседі. Қазақстанда қайта өңделген өнімдер аз. Қазір ғана кей өндірушілер алмаларды кептіріп, олардан шырынның түр-түрін жасап жатыр, бірақ бұл да крафтовой подход - өзіңе арналған даналанған тауар. Біз сегментті жаулап алғымыз келеді емес пе", - деп жоспарларын бөлісті кәсіпкер. 

Жаңа фермерлер: алматылықтарға ауылға барудың қажеті қанша?

Social Farm Agropark қоғамдық жоба ретінде ауылдық тұрғындармен жұмыс істеп, оларды заманауи фермерлікке шақыратын болады. Бұл да ірі жоспарлардың бірі - ауыл мен мегаполисті достастыру, пысық қалалық пен ауыл тұрғындарын интегралдау және алматылық қаланы тастап келіп, бұл жердегі қалыпты өмір ырғағын бұзбауына жағдай жасау. "Агробақ" ауылдықтармен, алдымен, балалар мәдени орталықтары арқылы "достасатын" болады. "Біз фермелерге келіп: "Сендер барлығын қате жасап жатырсыңдар! Мұны басқаша отырғызуларың керек" деп айта алмаймыз, жақсы жағдайдың өзінде олар бізге "Сен кімсің!" деп жауап қайырады. Осы себептен байланысты алыстан орнату керек, - деп түсіндіреді балалар және мәдени орталықтарды тіл табысудың басты каналы деп тапқан ұйымдастырушылар. - Жаңа әрі түсініксіз нәрсені үнемі қабылдамайды".

"Оrganic" сәнді терминінің астарында экологиялық таза өнімдерді тұтынуға құштарлық қана жатқан жоқ, бұл - өзіндік философиясы бар толыққанды өмір салты. Ой елегінен өтпеген тұтыну мен материалдық құндылықтардың соңынан жарысудан, ырғақ пен жағдайдан бас тарту, мұның барлығы - өмірдің сапасын арттыра түсуге деген шынайы ұмтылыс. Алып қалалар күн сайын өздерінің тартымдылығын жоғалтқан кезде, ауылдар жаңа, аяулы мекенге айналады. Және алматылықтарда өзінің рукколасы, омартасы мен жүйектері үшін корпоративтік сектордан бас тартатын мекені болатын сияқты. 

Жаңа фермерлер: алматылықтарға ауылға барудың қажеті қанша?