Өзің туралы айтып берші, әлеуметтік желілерде сен көп ашыла бермейсің...

Қазір мен Ainur Turisbek брендінің PR-директорымын. 30 жастамын, ажырасқанмын, екі балам бар. Күлкілі, бірақ бұл Қазақстанда "келешексіз әйел" болып саналады. Шымкентте заманауи, білімді отбасында өстім, мектептен кейін Лондонда тұрдым, алайда араға бір жыл салып қайтып келдім, себебі қатты сүйдім. Бәлкім, стратегиялық қателік осы болған шығар. Тұрмысқа шығып, күйеуімнің дәстүрге берік отбасына өттім, кәсіби келінге айналдым және сегіз жыл орамал тақтым.

Ал сонда сен қалайша Диана Ыдырыс болдың? Бәріне қарап бағалайтын болсақ, сен әдеттегі дәстүрге берік шымкенттік отбасындағы қазақ келінінің күйін кештің, мұндай жанның ойына блог жүргізу келмес те еді.

Тұлғалық "екіге бөлінудің" бастауына үш жыл бұрынғы ауыр ажырасу себеп болды. Мен өткеніме қарап отырып түсінемін: мәселе "мінездеріміздің сай келмеуінде". Бір-бірімізге ғашық болған жастық шағымыздың өзінде арамызда тұңғиық құз пайда болған еді. Махаббат туралы кітаптармен тәрбиеленгендіктен, әлемдегі ең жақсы жар мен келін болуға ынтықтым. Туысқандарға дәстүрлі сәлем салу, орамал тағу мен "оңтүстік келіннің бірыңғай формалы киімін" кию мен үшін квестпен тең болды. Тағамдардың ауысуы, үй наны, қазы, қойды мүшелеу – менің "келін-скиллсім" геометриялық прогрессияда өсті. Мұнымен бірге түсініспеушілік арта берді: "Сен – әйелсің, олай болса, орныңды біл". Ашық патриархалдық көңіл-күйлер, әйел – толыққанды адам емес, тек бала мен тамақ шығаратын ыңғайлы аппарат. Керісінше, тамақ пен бала шығаратын деген дұрыс. Жұмысқа тұру туралы әрекеттеріңе күле қарап, себепсіз қызғанып, ұрыс шығаратын.

Диана Ыдырыс: Кәсіби келін, орамал таққан жылдар мен Ербол есімді альтер-эго туралы

 

ТАҒАМДАРДЫҢ АУЫСУЫ, ҮЙ НАНЫ, ҚАЗЫ, ҚОЙДЫ МҮШЕЛЕУ - МЕНІҢ "КЕЛІН СКИЛЛСІМ" ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПРОГРЕССИЯДА ӨСТІ

Бұл ортадан қалай сытылып шықтың?

Елестету қиын, бірақ мен қыстыгүні күйеуінің таяғынан халат пен тәбішкеде қашқан әйелдерді көрдім. Маған Айнұр көмектесті, болып жатқан оқиғаларға көзімді ашты. Бір қарағанда болып жатқанның барлығы – қалыпты дүние ретінде қабылданды, әрине, күн сайын күдік те өсті. Шымкенттік перзентханаларда сәбилерін амалсыз дүниеге әкелетін әйелдерді көрдім. Күйеуі – маскүнем, күйеуі – жалқау, ашуланшақ күйеу – мұндай әйелдерге кез келген еркек жарай беретін еді, тек "жесір қатын" немесе "ажырасқан" атанбаса болғаны. Әңгіме тек ауыл әйелдері туралы болып жатқан жоқ, құрбыларымның арасында да көгерген жерлерін таңертең Chanel реңк беруші кремімен жасыратындары да бар.

МЕН ПАТРИАРХАЛДЫ ҚОҒАМДА ТІРІ ҚАЛУ ҮШІН "ӨЗ ІШІМДЕ ЕРКЕКТІ ӨСІРДІМ"

Осылайша менің "алқызыл көзілдірігім" әр жағдайға сай киілетін бетпердемен ауысты. "Тәтелеріңнің" арасында бөтен емессің, егер "киіттің" егжей-тегжейіне еніп кетсең, келін жасауындағы атлас пен панбарқытты бір-бірінен ажыратуды үйренесің, киімді қалай кептіру туралы "ақсүйектік" тақырыпта сөйлесе аласың (міндетті түрде көшеде және теріс айналдырып). Құрбыларыңның арасында табысты бизнесменнің бақытты әйелі болуың керек. Жақындарыңның арасында – мереке мен жексенбі сайын қонаққа келетін көңілді қыз. Тәртіпті қазақтарға "нағашыларымен" шүйіркелескен ұнамайды. Баян Есентаеваның оқиғасынан кейін бұл ситуацияда болып көрмегендер оны дәл бағалай алмайтынын түсіндім.

Диана Ыдырыс: Кәсіби келін, орамал таққан жылдар мен Ербол есімді альтер-эго туралы

 

КҮЙЕУІ - МАСКҮНЕМ, КҮЙЕУІ - ЖАЛҚАУ, АШУЛАНШАҚ КҮЙЕУ - МҰНДАЙ ӘЙЕЛДЕРГЕ КЕЗ КЕЛГЕН ЕРКЕК ЖАРАЙ БЕРЕТІН ЕДІ, ТЕК "ЖЕСІР ҚАТЫН" НЕМЕСЕ "АЖЫРАСҚАН" АТАНБАСА БОЛҒАНЫ


Мысқылдайтын роликтеріңдегі кейіпкерлер өз өміріңнен алынған ба?

Өзім сомдайтын рөлдер, көрсетілген ситуациялардың барлығы – естіген әңгімелерім. "Тәтешка" мен "Дерзкая" – жай ғана бетперде болса, "Ербол" – менің альтер-эгом, жан-дүниемде өмір сүретін ең жақын, туысымдай болып кеткен адамым. Ол маған батылдана түсіп, табиғи ұяңдығым мен комплекстерімді жеңуге көмектесті. Ол – маргинал, ол үшін белгіленген шекара жоқ, жиі қателік жібереді, ал оның салдарын мен тартамын. Бірақ ол болмағанда Айнұр Тұрысбектің оң қолына айналған, 28 жасында подиумға шыққан Диана болмайтын еді. Өзінің бақытсыздығына күле қарайтын Диана.

Ербол – бұл еркектік құрамдас бөлігің, сен оны өзіңнің үйлесімді бір бөлігің ретінде қабылдайсың. Гендерлік бағыт алу бұзылып, үнемі рөлімізбен алмасып отырамыз...

Екі жыныстың да белгілерін қамтитын жетілген тіршілік иелері андрогиндер туралы әдемі аңыз бар. Егер теологиялық құрамдастықты шетке ысырып, аңызды өзіңе телитін болсаң, бұл қасиеттердің менің бойымда қалайша қатар өмір сүріп жатқанын түсінетін боласың. Мен патриархалды қоғамда тірі қалу үшін "өз ішімде еркекті өсірдім". Гендерлік тепе-теңдікке келетін болсақ, еркектер жан-дүниесіндегі әйелдік негізді қабылдаса, олар мейірімді және шыдамды бола түседі. Және бұл, әрине, сексуалдық бейімділікке немесе сыртқы келбетке қатысты айтылып жатқан жоқ.

Көптеген инстаграм-блогерге қарағанда, сенің скетчтеріңнің астарында ащы қоғамдық шындық жатыр, сен олардың дәл осындай болуын жоспарладың ба?

Маған қытыққа тиетін тақырыптарды көтерген ұнайды, бірақ бұл қара бастың қамын ойлаған мақсат емес. Бастапқыда "Тәтешка" болды – менің аудиториям бәрінен қатты жақсы көретін және халыққа жақын, үнемі ешнәрсеге көңілі толмайтын, айлакер, әйел кейпіндегі Алдар Көсе. Гендерлік теңдік тақырыбына "тартылмаған" "Ербол" аса танымал емес, оны түсіну мен қабылдау қиын. "Дерзкая" көп айтыла бермейтін секс тақырыбын көтереді. Менің ноу-хауым осындай – аса халыққа жақын тақырыптардағы музыкалық-сатиралық суреттемелер. Айтпақшы, мені кәсіби екінші әйел ретінде түрлі телевизиялық бағдарламағашақырып, өзіндік пікірімді білдіруімді сұрап жатыр. Мұншалық мұңды болмаса, күлкілі болатын еді. Жуырда бір жігіт менің Instagram парақшамды қарап былай деді: "Блин, сенің денің сау болатын кез боладыекен ғой!". Яғни кей еркек үшін әйел дәл мынадай болуы тиіс – ұзын шашты, "екі есе" қажыған бикеш. Әсіресе, мұны қысқа шаш үлгісін жасатқан кезде түсіндім.

Диана Ыдырыс: Кәсіби келін, орамал таққан жылдар мен Ербол есімді альтер-эго туралы

 

ЕГЕР ЕРКЕКТЕР ЖАН-ДҮНИЕСІНДЕГІ ӘЙЕЛДІК НЕГІЗДІ ҚАБЫЛДАСА, ОЛАР МЕЙІРІМДІ ЖӘНЕ ШЫДАМДЫ БОЛА ТҮСЕДІ. ЖӘНЕ БҰЛ, ӘРИНЕ, СЕКСУАЛДЫҚ БЕЙІМДІЛІККЕ НЕМЕСЕ СЫРТҚЫ КЕЛБЕТКЕ ҚАТЫСТЫ АЙТЫЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ

Сезінуімізше біз дәстүршілдік космосаяси, прогрессивтік ойлауға өз орнын берген уақытта өмір сүріп жатырмыз. Қалай ойлайсың, сен осы өзгеріске өз әсеріңді тигізіп жатырсың ба?

Мен бұл туралы және өмірімнің өзгеге қызық болғандығы туралы ойландым (негізі ол қызық болды ма?), бұл сұхбатты беруге менің құқығым бар ма? Бұл шектен тыс атаққұмарлық емес пе? Хэллоуинде киген ұлттық костюмге бола жаңалықтарға "кірігіп" кетуге болатын мемлекетке арандатушылық қажет сияқты.Өзіме маргиналдық рөлді телимін. Менің видеоларым жарияланатын пабликтерде әдетте ызаға толыпікірлер жазылады. Яғни, ары қарай да қылжақтай беретін боламыз. Бірақ адамдардың ары қарай да тіркелеберетініне қарап, бұл біреуге маңызды секілді деген ой түйесің.

Фотограф – Мария Попова

Стиль – Айзат Сарсембаев

Ассистент фотографа – Баурджан Бисмильдин

Макияж – Алуа Мухаметсеиткызы (MAC Cosmetics)

Одежда и украшения – Maje, Sandro, Liu Jo, Angiolini 

Источник: http://www.buro247.kz/lifestyle/our-choice/diana-idris-eto-bylo-by-smeshno-esli-by-ne-bylo-tak-grustno.html