Парфюмерияда гүлдер, әсіресе раушан гүлдер, ешкімді таң қалдыра алмас. Жыл сайын брендтер көктем-жаз маусымының алдында жаңа гүлді хош иістер немесе олардың айналымдағы фланкерлерін шығарады. Алайда соңғы екі жылда басқалары кеңінен танымал болды – құрамында талғампаздарға арналған карамель, шоколад, бал, пралине және кофе қосылған түрлері. Барлығынан да раушанның иісі басымырық сезілмек. Соңғы релиздерге назар аударсақ, "тәттіқұмарлар" гүлдердің ішінде біріншілікті пальмаға берген. Ішінен раушанның иісі қаттырақ сезілетін болады.

Dior, Yves Saint Laurent, Nina Ricci, Givenchy, Giorgio Armani, Dolce & Gabbana, Elie Saab, Guerlain, Shiseido мен Blumarine өздерінің жаңа композицияларында басымдылықты раушанға берген. Әлсіз әрі сексуалды Nina Ricci ұсынған L'Extase Caresse de Roses-те раушан иісін сәлдегүл мен жұпар су толықтырады, Hugo Boss-та – кактус гүлдері, Givenchy ұсынған Eaudemoiselle Rose a la Folie-де  – карамелденген алма толықтырады. Айта кетсек, парфюмерлер талғағыштықтан бас тартар емес, Франсис Куркджян өзінің Elie Saab Le Parfum Rose Couture-дің жаңа нұсқасын шығарған кезде композицияға карамель мен ваниль, мұнымен қатар, личи, ерекшелік үшін пачули, ал Джули Массе Si Rose Signature by Giorgio Armani раушанына тәтті амбре мен қантты апельсин цукатын қосқан. Басқа "алқызыл" хош иістерде гүлдер патшасын дәстүрлі цитрустер, жұпар сулар (Dolce & Gabbana Dolce Rosa Excelsa),  жидектер (Aqua Allegoria Rosa Pop Guerlain) және ақ гүлдер (Blumarine Rosa Blumarine мен Ever Bloom Extrait Absolu Shiseido) толықтырады.